• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:22:36
Алматы
+35°

22 Сәуір, 2019 Әлеумет

1304 жылдық тарихы бар мешіт трагедиясы: «Нотр-Дам» шіркеуінен несі кем?

Лаңкестер тарихи нысанға арнайы қазылған жер асты жолы арқылы келіп, жарылғыш зат қойған.

Жақында Париждегі "Құдай ана" шіркеуі өртке оранып, бірқатар тарихи құндылықтар мен жалпы нысанның өзіне айтарлықтай залал келтірді. Аталмыш оқиға әлеуметтік желіде үлкен резонанс туғызды. Қалталы азаматтар да қапы қалмай, әлеуетінше шіркеуді қалпына келтіруге қаражат аударуда.

Мешіт трагедиясы неге назардан тыс қалды?

2012 жылы Сирияның Алеппо қаласында орналасқан 1300 жылдан астам тарихы бар Омеядо мешітін "Джебхат ан-Нусра" террорлық тобының әскерлері асқан жауыздықпен талқандады.

Ұлы мешіт VIII ғасырдың бас кезінде салынған. ЮНЕСКО қорғауындағы өте көне тарихи ескерткішті талқандау кезінде оның 45 метрлік мұнарасы да жарылғыш заттың құрбаны болды. Бөтен ниеттілер тарихи нысанға арнайы қазылған жер асты жолы арқылы келіп, жарылғыш зат қойған.

Жауыздардың қолынан жапа шеккен мешіттің қалпына келтірілуіне әлі үш жыл уақыт керек екен. бұл туралы Алеппо қаласында осы нысанмен жұмыс жасап жатқан тарих ғылымдарының докторы Сахр Аляби мәлімдеді.

"Мешітті қалпына келтіру жұмыстарын үш жыл көлемінде аяқтауды жоспарлап отырмыз. Қазір біз жалпы аймақты бастапқы қалпына келтірдік және мұнаралармен жұмыс жасаудамыз. Бірақ биіктігі 45 метрді құрайтын биік мұнараларды тұрғызу үшін барлығын бастан-аяқ қайта тексеруден өткізу керек. Бұл – оңай жауапкершілік емес", - деді Аляби. Оның қарамағында 20 архитектор және бірнеше қатардағы жұмысшы бар.

Оның айтуынша, жұмысшылар әрбір тасты, әрбір бөлшекті мұқият сканерден өткізген. Бұл тәсіл арқылы алмастыру қажеттілігінің бар-жоқтығын анықтайды екен.

Қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатқан қызметкерлерге айналаны тазартып, бастапқы орынды анықтап, негізгі іске көшуге дайындық жасау үшін бір жыл уақыт кеткен.

Омеядо мешітіне көмек қолын созғандар

ЮНЕСКО сарапшыларының пікірінше, тарихи орталық ретінде саналатын Алеппо қаласында жалпы нысандардың 30 пайызы бүлінген. Олардың барлығы бүкіләлемдік мұра ретінде тіркелген ғимараттар еді. Сонымен қатар, 60 пайызға жуық құрылыс айтарлықтай зардап тартқан.

Бөтен ниеттілердің шұқшиған ғимараттары мыналар: Омеядо мешіті, мұнаралар, жалпы мешіттер, шіркеулер, дәстүрлі араб базарлары, керуен-сарайлары, медреселер.

Қазіргі уақытта Ресей тарапынан көрсетілген көмек арқылы қираған тарихи нысандарды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүруде.

Сирияның Мәдени мұралар мен мұражайлар басқармасының басшысы Мухаммад Нази Авадтың айтуынша, Алепподағы Омеядо мешітін қалпына келтіру жұмыстарына Шешен Республикасы үлкен қолдау көрсетіп отыр. Ал ЮНЕСКО барлық жұмыстардың халықаралық тарапқа сай өқтуін үздіксіз қадағалауда.

Омеядо мешіті – әлемдік деңгейдегі құнды мұра. Оның сақталуы – келер ұрпақ үшін тарихи маңызы бар жауапкершілік.

Қазіргі уақытта әлеуеттік желідегі жазбалар арқылы, бөлісулер арқылы мұңы бір қос трагедияның салған жарасының салмақтылығында популизмнің зор рөл ойнайтыны байқалады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір