• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:08:26
Алматы
+35°

19 Ақпан, 2019

13 жастағы Бақытжан өртеніп жатқан үйден 2 баланы қалай құтқарғанын айтты

Бүгінде сегізінші сыныпта оқитын бала отқа оранған үйге кірген кезде қорқуға уақыт болған жоқ дейді. Өйткені ...

13 жасар Бақытжан өртеніп жатқан үйден 2 баланы қалай құтқарғанын айтты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ult.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Шымкентте өртеніп жатқан үйден сәбилерді аман алып қалған 13 жастағы Бақытжан Беркімбай екі апта бұрын қолын сындырып алған екен.

Бақытжанның сөзінше, сол күні ол көшеде көлікте отырған. Кенеттен көршінің Арай есімді қызы үйлерінде  өрт шыққанын айтып, көмек сұрап келген.

-Үйде анам бар еді. Бірақ мен оған айтуға үлгермей, дереу жанып жатқан үйге бардым. Қарасам үйдің ішінде өрт шығып, жан-жағы жанып жатыр екен. Сол үйдің 6 жасар қызы мен 3 жасар баласы бір шетте қорқып отырды. Түтінге тұншыққан ба, әйтеуір есінен тануға шақ қалған. Дереу кішкентайын қолыма көтеріп алдым да, үлкенін жетектеп алып шықтым. Сыртқа шыққан соң су беріп, көмектесуге тырыстым. Көршінің үйіне алып бардым. Анам құтқару қызметіне хабарласты. Кейін ата-аналары да келді, - дейді жасөспірім бүгін қалалық ТЖД өткізген баспасөз мәслихатында.

Бақытжан

Бүгінде сегізінші сыныпта оқитын бала "отқа оранған үйге кірген кезде қорқуға уақыт болған жоқ,- дейді. Өйткені ол мектепте сондай дайындық сабақтарынан өткенін, соның арқасында тезірек көмек көрсетуге ұмтылғанын айтады.

Ал, Бақытжанның сынып жетекшісі болса, оның төрт ағайынды екенін жеткізді. 13 жастағы оқушысы - үйдің кенжесі. Сыныпта жүргенде де тек жақсы қырымен танылған.

Бақытжан

БақытжанБақытжан

-Бақытжан - өзінің достарына үнемі қол ұшын беріп жүретін зерек бала. Байсалды, мейірімді, сабырлы мінезі бар. Тәрбие сағатына да қатысуы жақсы. Оның бұл жасаған ерлігі өзге оқушыларымызға да өнеге болып отыр. Өйткені жанып жатқан үйге кіруге бала тұрмақ, ересектердің өзі бара бермейді, - дейді Бақытгүл Лекерова.

Бүгін жас құтқарушыны қалалық ТЖД басшылығы арнайы алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, департамент бастығы Нұрболат Дербісов «Ерлігі үшін» медалімен марапаттау үшін еліміздің ІІМ атына және арнайы алғыс хатпен марапаттау үшін қалалық әкімдікке ұсыныс жолданғанын жеткізді.

-Бақытжан келешекте бізге құтқарушы болып келеді деп сенеміз. Мұндай жігіттерге біз арнайы оқу орнына бару туралы ұсыныс айтамыз. Біз үшін оның дер кезінде жасаған әрекеті үлкен ерлік деп айтар едім. Оның ата-анасына және ұстаздарына алғыс айтамын,- деді Нұрболат Дербісов.

Бақытжан

Өртке оранған үйдің 7 жастағы қызының айтуынша, алты жасар сіңлісі мен 3 жастағы інісі оттықпен ойнап отырғанда көрпе жана бастаған. Балалар оны өздері өшірмек болыпты, бірақ өрт күшейіп кеткен.

Бақытжан

Айта кетейік, 16 ақпан күні қаладағы Құрсай мөлтек ауданында жеке үйден өрт шыққан болатын. Онда қараусыз 3 бала қалған. Жанып жатқан үйде қалған екі баланы сол маңда тұратын 13 жастағы Бақытжан Беркімбай алып шыққан еді. Жасөспірімнің арқасында екі бүлдіршін аман қалды.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір