• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:56:07
Алматы
+35°

05 Маусым, 2017 NEWS

13 жастағы бала үш күн бойы әкесінің өмірі үшін күрескен

52 жастағы Дэвид Финлейсон баласы Чарлимен Айдахо штатындағы Шип Айленд атты көлдің айналасындағы тауға шыққан. Бұған дейін де әкесі мен баласы бірнеше мәрте...

52 жастағы Дэвид Финлейсон баласы Чарлимен Айдахо штатындағы Шип Айленд атты көлдің айналасындағы тауға шыққан. Бұған дейін де әкесі мен баласы бірнеше мәрте тауға шыққан екен. Екеуіне бұл іс қатты ұнайтын.

Бұл жолы таудағы тастар құлап, Дэвид 10 метрлі биіктіктен құлайды.  

Ол есін жоғалтып алды. Оның арқасы мен сол аяғы сынды. Аяғындағы жарақаттан сүйегі көрініп тұрды.

Жақын маңдағы базаға жету үшін 20 шақырым жер жүру керек. Барлық үміт Чарлида болды. Баласы әкесінің жарақатын жуып, шатыр тігіп, әкесін тамақтандырып, оған күш берді.

«Ол мені  аман алып қалды. Балам болған оқиғадан кейін түні бойы менімен сөйлесіп, ауырлықты сезінбеуге көмектесті» дейді Дэвид журналистерге берген сұхбатында.

Екі күн бойы Чарли туристерді кездестіріп қаламын деген мақсатпен көлдің айналысна түсті. Үшінші күні ешкім көмекке келмейтіні белгілі болды. Чарли базаға бару керек екенін түсінді. 13 жастағы бала 16 келілік сөмкемен алыс жолға шықты. Әкесі оған хат тапсырды. Онда Дэвидті қалай табуға болатыны жазылған.

Әкесін жалғыз қалдыру Чарли үшін үлкен сынақ болды.

«Мен қатты қорықтым. Базада ешкім болмаса не істеймін деген сұрақ мазалады. Мен үнемі дұға етіп, құдайға жалбарындым» дейді Чарли.

Алты шақырым жер жүргеннен кейін Чарли туристерді жолықтырады. Дэвид ауруханаға жеткізіліп, аман қалды.

Шолушы: Сабина Рамазан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір