• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:07:22
Алматы
+35°

12 Ақпан, 2018 NEWS

12 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

    Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  Республиканың солтүстік-батысында кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте және оңтүстік-батысында аздаған жауын-шашын жауады. Қазақстанның  басқа аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп хабарлайды Қазгидромет. Кей жерлерде желдің күшеюі, тұман күтіледі, республиканың солтүстік-батысында жаяу бұрқасын болады.

       Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23 м/с сақталады, түнде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман,  жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, Маңғыстау облысында тұман күтіледі, күндіз көктайғақ болады. Қостанай облысында кей жерлерінде  жаяу бұрқасынмен, тұман болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір