• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:33:51
Алматы
+35°

05 Шілде, 2018 Әлеумет

11 жастағы қызын тұрмысқа берген әкесі өз әрекетін түсіндірді

Әкесінің бұл шешіміне қызының өзі де қарсы емес екен.

11 жастағы қызын 41 жастағы имамға берген малайзиялық Келантан штатының тұрғыны өз әрекетін түсіндірді. Бұл туралы шетелдік БАҚ жазды.

Анықталғандай, көпшіліктің ашуын тудырған бұл неке жай ғана келісім бойынша жасалған екен. Имамның жас қызды алуының себебі – отбасы қарызға белшесінен батқан.

Қыздың ата-анасы имамға шарт та қойған екен. Айталық, 11 жастағы бүлдіршін күйеуінің үйінде  16жасқа дейін тұрады. Алайда бұл неке жайлы білген Малайзия билігі бірден бөгет келтіруге көшіпті. Қазіргі уақытта неке қиылып үлгерген жоқ.

Қалыңдықтың 49 жастағы әкесі БАҚ-қа берген сұхбатында оқиғаның мән-жайын түсіндірді. Ер адамның сөзіне қарағанда, олар имам Абдула Кәрімнің отбасымен жақсы араласатын көрінеді. Имамның екі әйелі мен алты баласы бар. Қыз имамның бірінші әйелімен жақсы араласады екен. Тіпті, әкесінің бұл шешіміне қызының өзі де қарсы емес екен. Себебі «жарының» отбасын ерекше құрметтейді екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір