• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:49:45
Алматы
+35°

27 Наурыз, 2019

11 жастағы Алматы тұрғыны италиялықтарды таңдай қақтырды (видео)

Алматының 11 жастағы тұрғыны Аделина Мұхаметжанова Open International Auditions 2020 атты байқауға арнайы шақырту алды

Алматының 11 жастағы тұрғыны Аделина Мұхаметжанова Open International Auditions 2020 атты байқауға арнайы шақырту алды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Аделина наурыз мерекесінің қарсаңындағы "Festival & Contest" атты байқау кезінде италиялықтарды таңдай қақтырған. Аделинаның өнеріне тәнті болған италиялықтар 2020 жылы 30-31 наурызда Мелатеста театрында өтетін байқауға қатысуға шақырды. 

— Біз үшін және классикалық вокалмен айналыса бастаған орындаушы үшін мұндай байқауға шақырту алу үлкен бақыт. Балаларға арналған байқаулар көп емес. Ал халықаралық деңгейдегі ұстаздардан сабақ алудың өзі қазына тәрізді. Аделина классиканы жақсы көреді және алдағы байқауға бар ынтасымен дайындалатын болады, - дейді Аделинаның анасы Нейля Суженова.

Аделина Мұхаметжанова Елена Образцованың байқауында Николая Цискаридзенің арнайы сыйлығына ие болған. Ол — Италияда өткен SanremoJunior 2018 байқауының жеңімпазы. Енді 11 жастағы қыз Италияда өтетін байқауға дайындалып жатыр. 

Аударған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір