• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 03:15:08
Алматы
+35°

03 Сәуір, 2017 IT

11 сәуірден бастап Windows 10 Creators Update жаңартылған нұсқасы таратылады

Бүкіл әлемдегі қолданушылар 11 сәуірде тегін Windows 10 Creators Update жаңартылған нұсқасына қол жеткізбек

Бүкіл әлемдегі қолданушылар 11 сәуірде тегін Windows 10 Creators Update жаңартылған нұсқасына қол жеткізбек

Алматы, 2017 жылдың 3 сәуірі. Жаңартылған нұсқада шығармашылық құралдарға қоса, Microsoft Edge жаңа функциялары, қауіпсіздік пен құпиялықты сақтауға арналған қосымша т.б. көптеген мүмкіндіктер пайда болып отыр. Creators Update әрбір қолданушыға 3D технологиясы мен аралас шындықты қолдануға және де әрбір геймерге (ойыншы) стример (өз ойынын бейне арқылы таратушы) болуға мүмкіндік беру, шығармашылықпен айналысу мүмкіндігін ұсыну, олардың әлеуетін ашу үшін жасап шығарылды.

Барлығына арналған 3D және аралас шындық

Creators Update нұсқасындағы жаңа Paint 3D қосымшасы 3D-объектерді оңай жасап, олардың түсін өзгертуге, текстураларды қосуға, 2D-объектерді 3D-объектерге айналдыруға мүмкіндік береді. 2020 жылға қарай 3D-индустрия көлемі 62%-ға артады деп күтілуде, сондықтан Microsoft әрбір адамға Creators Update көмегімен көлемді объектерді жасап шығарып, 3D әлеміне қол созуға мүмкіндік беруді көздеп отыр.

Windows 10 Creators Update физикалық және виртуалдық әлем арасындағы шекараны алып тастап, 3D әлеміне, аралас шындықтың ортасына түсуге арналған сан алуан технологияларды ұсынып отыр. Acer, ASUS, Dell, HP және Lenovo компаниялары аралас шындыққа қол жеткізуге мүмкіндік беретін Windows Mixed Reality технологиясымен жұмыс жасай алатын құрылғыларды тұңғыш рет шығарып отыр. Бұл жаңа құрылғылар барлық бағыттарда еркіндіктің алты сатысын қамтамасыз ететін сенсорлармен жабдықталған. Оны кию өте оңай және де еркін қозғалуға мүмкіндік береді, қолданушының қимылын бақылайтын сыртқы элементтерді немесе сенсорларды қабырғаға орнатудың қажеті жоқ. Құрылғылардың интерфейсінде виртуалды әлем ортасына түсуге мүмкіндік беретін Windows Mixed Reality технологиясы және жаңа қосымшалар бар. Жақында бағдарлама жасаушылар Windows Mixed Reality жиынтығы көмегімен осындай қосымшаларды жасауға мүмкіндік алып отыр.

Енді Windows 10 жаңа нұсқасында ойындарды тікелей эфирде таратуға мүмкіндік беретін технология орнатылған

Microsoft корпорациясы Xbox-ты Windows 10 және Xbox One құрылғыларында ойнауға және шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік беретін ең үздік құрылғыға айналдыруды көздейді. Енді Xbox Live, Xbox Play Anywhere  секілді бағдарламалар арқылы Xbox-ты және дербес компьютерлерді (ДК) қолданатын геймерлер бір ортада біріктіріліп отыр. Мәселен, Xbox Play Anywhere  бағдарламасы арқылы ойынды бір рет сатып алып, оны Xbox One құрылғысында және де Windows 10 орнатылған дербес компьютерде ойнауға болады.

Creators Update жаңартылған нұсқасы Xbox One құрылғысында және де Windows 10 орнатылған компьютерде ойын ойнау, өзара әрекеттесу, әсерлермен бөлісу үшін талай мүмкіндіктерді ұсынып отыр. Өнерпаз жандар Beam көмегімен нақты уақыт тәртіптемесінде ойындарды бейне арқылы таратып, топ мүшелерімен өзара әрекеттесе алады. Осы ретте бұл үшін қосымша бағдарламалық жабдықтама немесе жабдықты сатып алудың қажеті жоқ, оның үстіне Beam арқылы хабар таратқан кезде бейне бір секундтан аз уақытқа ғана кешігуі мүмкін. Енді Beam арқасында ойындардың трансляциясын көріп қанай қоймай, сондай-ақ, топтағы мүшелермен, стримерлермен жаңа деңгейде өзара әрекеттесіп, қарым-қатынас құруға, ойынға атсалысуға болады.

Windows 10 ойын режімі аясында ойын ойнауға үлкен қор көлемі бөлінетіндіктен, Windows 10 жүйесі орнатылған компьютерлерде ойнау үшін шексіз мүмкіндіктер пайда болып отыр. «Ойын режімін» қосқан кезде, сіз оны кез келген ойында қолдана аласыз. Xbox One-ның тура осындай жаңа нұсқасы мен функциялары жөнінде мына жерден білуге болады .

Microsoft Edge: ғаламторды парақтау және ойын-сауыққа арналған жаңа функциялар Microsoft Edge кітап оқу кезінде таңдау бірден түсетін Windows Дүкеніндегі бірден-бір браузерге айналып отыр. Қазіргі таңда ғаламторда қауіпсіздікке нұқсан келтіретін қатерлер саны орасан зор. Microsoft Edge Chrome** браузерімен салыстырғанда, фишингтік сайттарға 9%-ға және зарарлы бағдарламалық жабдықтамаларға (БЖ) 13%-ға көбірек тосқауыл жасап, осылайша қолданушылардың жеке мәліметтері мен ақпараттарын қорғауға көмектесуде. Google компаниясының өзінің өткізген тестілеу нәтижелеріне сәйкес Microsoft Edge браузері Chrome-ға*** қарағанда жылдамырақ жұмыс жасайды. Қолданушылар өздері жұмыс жасап отырған бетті жаппастан, сақтап қойылған қосымша беттерді табуға, ашуға, оларды реттей алуы үшін Creators Update жаңа нұсқасында қосымша беттерді басқару мүмкіндіктері жақсартылып отыр.

Толық ақпарат:

Windows 10 Creators Update нұсқасында қолданушылардың өтініші бойынша мынадай көптеген мүмкіндіктер мен функциялар пайда болды:

  • түнгі режімі (night light) экран шығаратын көкшіл сәуленің көлемін азайтады, бұл жақсырақ ұйықтауға мүмкіндік береді, яғни түнгі режімде жұмыс жасаған жағдайда, мидың түнде  тынығуы жақсарады. Смартфонды қолданушылар осы функцияны ұнататындықтан, енді ол Creators Update нұсқасы бар Windows 10  жүйесінде де пайда болып отыр.
  • шағын терезе режімі (mini view) қолданыстағы терезелердің үстіне шағын терезені қоюға мүмкіндік береді, оның арқасында, мәселен, сіз дәл қазір қандай іспен айналысып жатқаныңызға қарамастан, онымен қатар сериалды көруге, Skype арқылы сөйлесуге немесе музыканың ойналуын басқаруға болады.

Windows 10 Creators Update жаңартылған нұсқасы арқасында ата-аналар экран алдында өткізілетін уақытты шектеу функциясын енді Xbox One-да да қолдана алады, бұл функция осыған дейін Windows 10-да қолданылып келді. Ол баланың компьютер немесе консоль алдында өткізетін уақыт мөлшерін басқаруға мүмкіндік береді. Экран алдында өткізілетін уақытты шектеу функциясы арқасында ата-аналар әрбір бала үшін күндізгі норманы белгілей алады, ал Xbox немесе Windows 10 орнатылған компьютер сол уақыт мөлшері біткен соң ойынды автоматты түрде өшіріп тастайды. Сондай-ақ, әрбір бала апта сайын ойынға қанша уақыт жұмсайтынын көрсететін есепті Windows 10 жүйесінде алуға болады. account.microsoft.com/family сілтемесі арқылып өтіп, қажетті баптауларды орнатуыңызға болады.

Windows Hello  «бір-бірімен біріктірілген» кез келген iPhone, Android немесе Windows Phone-ды қолдана отырып,  қолданушының компьютерді немесе планшетті қолданбайтын кезін анықтап, құрылғыны автоматты түрде сөндіруге мүмкіндік береді. Осылайша құпиялықты қосымша қорғауға болады. «Remote lock» функциясы смартфондармен, фитнес-білезіктермен, ДК-мен немесе планшетпен біріктірілген кез келген құрылғыда жұмыс жасай алады.

Қауіпсіздік пен құпиялықты сақтау мүмкіндіктері кеңейтілді

Компаниялар мен жеке қолданушылар өздерін қорғау үшін қосымша мүмкіндіктерді қажет етуде: қауіпсіздік саласындағы сарапшылар зарарлы БЖ және бопсалаушы бағдарламалардың желіде кең таралып, ал оларға қарсы күресу және ізіне түсу қиындап бара жатқанын  айтуда.

Creators Update жаңартылған нұқасында қауіпсіздікке мониторинг жүргізу үшін Windows Defender (Windows Defender Security Center) атты жаңа Қауіпсіздік орталығы пайда болады. Бірыңғай басқару панелі антивирус, файервол, желіні қорғаудан бастап, құрылғының хал-ахуалы мен жұмыс өнімділігін бағалау, қосымшалар мен браузердің қауіпсіздігін басқару, отбасылық қауіпіздік функцияларын басқаруға дейінгі бүкіл қауіпсіздік қызметтерін бір экран бетінде бақылауға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, Creators Update нұсқасында корпоративтік клиенттерге арнап жаңа құралдар мен мүмкіндіктер тұрақты түрде пайда болып отырады, олар ақпараттық технологиялар бөлімінің жұмысын жеңілдетіп, жаңа БЖ-ны ендіруді оңайлатуға, Windows 10 жүйесі арқылы құрылғыларды басқарып, қолдануға, қауіпсіздікке төнуі мүмкін қатерлерді жеңуге көмектеседі. 11 сәуірден бастап  Creators Update нұсқасы Windows Жаңарту орталығы арқылы таратыла бастайды. Қолданушылар жаңа мүмкіндіктерге ең абзал түрде қол жеткізуі үшін Creators Update кезектілікті сақтай отырып, біртіндеп орнатылатын болады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір