• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 14:34:58
Алматы
+35°

19 Маусым, 2017 Әлеумет

100-ге таяған британдық жұп үйленгендеріне 80 жыл толуын атап өтті

Британиялық ғашық жұптар өздерінің ерлі-зайыпты болғандарына 80 жыл толуын атап өту үшін қайта қосылды,

Британиялық ғашық жұптар өздерінің ерлі-зайыпты болғандарына 80 жыл толуын атап өту үшін қайта қосылды, деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі.

102 жастағы Кен Харрис қарттар үйінде жатқан 99 жастағы жары Маргаретпен Уэльстегі Ллангинидир қаласында үйленгендеріне 80 жыл толған мерейтойын атап өтті. Бұл жөнінде Би-би-сидің орыс қызметі хабарлайды.

Бұл уақытқа дейін қария белі сынып ауруханада жатқан еді. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері айырылмай бақытты ғұмыр кешкен жарын көре алмай кетем бе деген үрей оны орнынан қайта тұрғызды.

«Олардың ұстасқан қолдары әлі күнге дейін ажырамаған. Айырылған күндерін еске алған сайын бір-біріне жақындай түседі, қайда барса да, бірге жүреді», дейді олардың 75 жастағы келіндері Пэт Харрис.

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Кен Харрис Бирмадағы қызметке жіберіліп, Британдық 24-і жаяу әскер полкінің қаратында болды.

«Кен соғысқа аттанғанда Маргарет үйде жалғыз қалды. Дәрігердің хатшысы болып жұмыс істеді. Күйеуі екеуінің той суреттері әмиянынан бірелі түспеген», - деді Пэт ғашық жұптардың махаббат хикаяларын еске ала отырып.

Кен соғыстан аман-есен қайтқан соң екеуі Лланхилет қалашығында тұрды, екі балалары болды: ұлдары – Алан және қыздары – Энн.

Алайда Маргареттен деменция, яғни ақылының кемдігі байқалған соң оны қарттар үйіне жатқызады. Ал Кен жалғыз қалды.

Кейін белін сыныдырып алып, өзі де ауруханаға түседі. Ауруханада жатқан қария қатты қиналды, сүйікті жарын ешқашан көрмейтіндей күй кешеді. Соны ойлаған сайын ауруын жеңуге тырысты. Ақыры көздегеніне жетіп, Кенді 1 айдан соң ауруханадан шығарады. Маргарет жатқан қарттар үйінен Кен үшін де бөлме табылады.

«Екеуінің қайта табысуы үшін көп күш жұмсадық. Кеннің жарты өмірі мемлекетке қызмет етумен өтті, жарының жанында болып, алаңсыз көз жұмуға лайықты деп ойлаймын. Олар бір-бірін шексіз сүйеді, ғашық жұптардың 80 жылдық мерейтойын тойлап жатқанын көру – бізге ерекше қуаныш сыйлайды», деп ойымен бөлісті келіндері.

Шолушы: Гүлім Жақан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір