• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:00:00
Алматы
+35°

Қуандық Бишімбаев Шымкентке ауыстырылды. Экс-министр жазасының қалған бөлігін қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана телеарнасының дерегін негізге алып. Бишімбаевқа мұнда екінші қабаттағы 14 адамға арналған бөлмеден орын бұйырыпты. Жататын жердің аумағы небәрі екі шаршы метр. Үш мезгіл тамақты да көпшілік сотталғандармен бірге ішеді. Түрме басшыларының айтуынша, Қуандық Бишімбаев бұл жерге 15 ақпанда келген. Ол әзірге қара жұмысқа араласа қоймапты. Бірақ, мәдени шараларға қатысуға кет әрі емес. Экс-министр сұхбат беруге де, таспаға түсуге де келіскен жоқ.   

Қазіргі таңда № 2 жасаққа басқа да сотталғандармен бірге орналастырдық. Бүгінгі таңда оған ешқандай ерекше көзқарас, ерекше жағдай жасалынған жоқ. Тәртіп бәріне бір. Сонымен қоса айтарымыз барлық заңды талаптарды атқарып жатыр. Тәртіп бұзған емес. Сотталған Бишімбаев әлі күнге дейін жұмысқа орналасуға ниет білдірмеді. Бірақ, мекеменің мәдени іс-шараларына қатысуға ниет білдіріп, өтініш жасады, - дейді түзету мекемесінің бастығы Бағдат Әсілбеков.

Айта кетейік, Бишімбаев бұған дейін Түркістан облысына қарасты Төле би ауданындағы қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде отырған. Оның қорғаушысы экс-министрдің жазасын өтеу тәртібін жеңілдетуді сұрап сотқа талап-арыз түсірген. Тіпті, оны қоныс колониясына ауыстыруды да сұрағаны айтылған. Бірақ, сот тек ішінара қанағаттандырды. Еске салайық, бұрынғы Ұлттық экономика министрі былтыр 10 жылға сотталған.  

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір