• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:18:49
Алматы
+35°

04 Желтоқсан, 2018

10 жылдан бері Кикабидзе неге Ресейге келгісі келмейді?

Путин мен Медведев ел басқырып отырғанда мен Ресейге ешққашан бармаймын»

«Мимино» киносы   үшін  1978 жылы ССРО-ның Мемлекеттік сыйлығын, 1980 жылы Грузияның халық әртісі атанған Вахтанг Кикабидзе бұған дейін Кеңес одағының әнұраны мен елтаңбасын және орақ пен балға белгісін жек көретінін айтқан. Танымал әртістің бұл мәлімдемесі талайды таңқалдырғаны да рас. Өйткені бар атақты ол ССРО кезінде алды, елге танылды. Кеңес Одағының барлық аумағында гастрольдік сапарда жүрді, жегені алдында, жемегені артында болды. Алайда посткеңестік елдер тәуелсіздік алғаннан кейін әр актер өз елінде өмір сүрді. Бұрынғыдай байланыс та дамымай қалды. Әсіресе Ресейде даңқы асқан Вахтанг Кикабидзенің Путиннің мемлекетіне аяқ баспағанына он жылдан асқан екен.

–«Путин мен Медведев ел басқырып отырғанда мен Ресейге ешққашан бармаймын» деп мәлімдеме жасаған Вахтанг Кикабидзе шын мәнінде осы күнге дейін орыс жеріне аяқ басқан жоқ. Мұның себебі неде?

2008 жылы грузин-осетин және Грузия мен Абхазия арасында  текетірес басталғанда, бұл дауға ресми Мәскеудің тікелей араласқаны белгілі. Содан бері екі ел арасында дипломатиялық қатынас тоқтады. Бұған наразылық ретінде Вахтанг Кикабидзе «Ресейге аяқ баспаймын» деп өзінің наразылығын да білдірген. Қазір де ресми Мәскеу Грузия құрамындағы Оңтүстік Осетия мен Абхазияға барынша қолдау көрсетіп отыр.

Бірақ кеше  орыстың бірқатар ақпарат құралдары хабарлама таратып, Кикабидзенің Ресейге жасырын келіп қайтқанын мәлім еткен. «Санкт-Петербургтың «Шаляпин» мейманханасында 40 минут ән салып, 40 мың еуро алды» деген ақпаратқа атақты әртіс  не дейді?  Бұл қаншалықты ақиқат?

–Бұл – өтірік. Мен 2008 жылдан бері Ресейдің бірде бір қаласында болған жоқпын. Одан бері он жыл өтті. Әзір бармайтын да шығармын», –деп мәлім етті Вахтанг Кикабидзе.

Берік Бейсенұлы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір