• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 13:13:59
Алматы
+35°

28 Қыркүйек, 2016 NEWS

10 жыл бұрын Вашингтонда Қазақстанның Тәуелсіздік монументі ашылды

Елімізде Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігіне арналған мәдени-архитектуралық ескерткіштер Астанада, Алматыда, облыс орталықтары мен басқа да елді...

Елімізде Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігіне арналған мәдени-архитектуралық ескерткіштер Астанада, Алматыда, облыс орталықтары мен басқа да елді мекендерімізде орнатылған. Ал қастерлі тәуелсіздігімізге арналған сондай сәулет өнері туындысы шетелде де ашылғанын көпшілік біле бермес, деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі Фейсбуктегі парақшасында , - деп хабарлайды Qamshy.kz  ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. 

«Осыдан тура он жыл бұрын, 2006 жылғы 28 қыркүйекте, Мемлекет басшысы АҚШ-қа ресми сапары аясында Вашингтон қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік монументінің ресми ашылу рәсіміне қатысты», делінген жазбада.

Сонда Елбасы: «Қазақстан мен АҚШ тарихында бүгін ерекше бір көңіл толқытатын күн. Тұңғыш рет біз Қазақстанның Тәуелсіздік монументін шет елде ашып отырмыз. Егемен Қазақстанның символына айналған осы ескерткіштің АҚШ астанасында бой көтергенін мақтан тұтамыз. Халқымыздың еркіндік пен тәуелсіздікке ұмтылысын сипаттайтын осы тамаша ескерткіш Қазақстан мен АҚШ-ты берік достық, ортақ құндылықтарға негізделген стратегиялық әріптестік біріктіретінін білдіріп тұратын болады», - деген еді.

Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Президентінің Вашингтонда Тәуелсіздік монументін ашқан сол сәтінен түсірілген фотосуретті оқиғаның онжылдығына орай Фейсбук пайдаланушыларының назарына ұсынды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір