• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:13:38
Алматы
+35°

10 Ақпан, 2018 NEWS

10 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Қазгидромет мәліметіне сүйеніп. 

Астанада  аз бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 5-10 м/с жылдамдықпен шығыс желі соғады. Түнде ауа температурасы -15-17°C көрсетсе, күндіз -7-9°C болады.

Алматыда ауа райы   көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде ауа температурасы  -9-11°С көрсетсе, күндіз -1-3°С.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман, түнде және таңертең  желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман болып, желдің күшеюі 15-20 м/с-ға жетеді,  Қостанай облысында бұрқасын күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Қызылорда, Солтүстік  Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір