1 сәуірден бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек бойынша жиі қойылатын 10 сұрақ

1 сәуірден бастап көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек бойынша жиі қойылатын 10 сұрақ
Ⓒqamshy.kz

Министрліктің мәліметтеріне қарағанда, атаулы әлеуметтік көмек - бұл аз қамтылған азаматтарға және табыстары төмен деңгейдегі отбасыларға, оның ішінде көпбалалы отбасыларға берілетін ақшалай төлем.

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңартылған форматына өтініштерді қабылдау қашан басталады және өтінішті қай жерге барып беру керек?  

Жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініштерді қабылдау 2019 жылғы 1 сәуірден басталады. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығына немесе халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет.

Егер отбасы ауылдық жерде тұрса - кент, ауыл, ауылдық округтердің әкімдеріне жүгінеді.

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қаңдай құжаттар қажет ?

Өтініш беру  және сәйкестендіру үшін тек жеке куәлікті ұсыну қажет. Басқа құжаттар қажет емес.

Жәрдемақыны толық мөлшерде алу үшін құжаттарды айдың басынан беру қажет пе ?

Жоқ, міндетті емес. Атаулы әлеуметтік көмек өтініш білдірген айдан бастап тағайындалады және өтініш берген күнге байланысты емес. Мысалы, егер Сіз құжаттарды уәкілетті органға 20 сәуірде тапсырсаңыз, онда төлемді де толық көлемде бір ай үшін аласыз.

Атаулы әлеуметтік көмек алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша тіркелу қажет пе?

Иә, қажет. Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін тұрғылықты мекенжай бойынша тұрақты немесе уақытша тіркеу болуы қажет.

Жәрдемақыны есептеген кезде бірге тұратын туыстардың барлық табыстары есепке алынатыны рас па? Бұл норма қайта қаралады ма?

Атаулы әлеуметтік көмекті 2019 жылғы 1 сәуірге дейін тағайындаған кезде отбасының бірге тұратын, ортақ шаруашылық жүргізетін барлық мүшелері есепке алынады.

Алайда, Министрлік  «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына отбасы құрамын нақтылау бөлігінде толықтырулар енгізуде.

Осылайша, 2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасының құрамында тек жақын туыстар, яғни ата-ана, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынған бала, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек бауырлар мен апа-қарындастар, ата, әже, немерелер есепке алынады.

Жәрдемақы алу үшін отбасының бір мүшесінде қандай табыс болуға тиіс және жәрдемақының мөлшері қандай?

Егер отбасының бір адамға шаққандағы айлық табысы 20 789  теңгеден аспаса, отбасыға атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Бұл ретте кәмелетке толмаған балаларға 20 789 теңге мөлшерінде, ал ересектерге отбасының жан басына шаққандағы табысы мен АӘК критерийлерінің мөлшері арасындағы айырма төленеді.

Мысал ретінде екі ересек ата-ана мен алты кәмелет жасқа толмаған баладан тұратын отбасын алайық. Ай сайынғы табысы:

1)     Әкесінің жалақысы - 150 000 тг. құрайды;

2)     Көпбалалы отбасыға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы - 10 504 тг;

3)     «Күміс алқа» алқасымен марапатталған көпбалалы анаға берілетін мемлекеттік жәрдемақы - 16 160 тг.

Отбасының ай сайынғы табысы - 176 664 теңге.

Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде көпбалалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік  жәрдемақы мен «Күміс алқа» жәрдемақысы алып тасталды.

Отбасы мүшелерінің жан басына шаққандағы орташа табысы келесідей есептеледі:

150 000 теңге 8 адамға бөлінеді = 18 750 тг.

Тиісінше, отбасы АӘК көрсету критерийлеріне сәйкес келеді. Балаларға АӘК мөлшерін есептеу: 20 789 теңге*6 бала = 124 734 тг. Ата-аналар үшін АӘК мөлшерін есептеу: 20 789 тг. - 18 750 тг. = 2 039 тг; 2 039*2 = 4 078 тг.

АӘК жиынтық мөлшері 124 734 тг. + 4 078 тг = 128 812 тг.

Егер бұрын отбасы АӘК көрсету критерийіне сәйкес келмесе, онда 2019 жылғы 1 сәуірден бастап отбасы 128 812 тг. мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы.

Осылайша, жаңа атаулы әлеуметтік көмекті ескере отырып, отбасының жалпы табысы: 176 664 тг. + 128 812 тг. = 305 476 тг. болады.

Отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде жеке қосалқы шаруашылықтан түскен табыс есепке алынады ма?

Иә, отбасының жиынтық табысын анықтаған кезде жеке қосалқы шаруашылық ескеріледі. Жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табыс Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес есептеледі. Қағидаларда  ел өңірлерінің климаттық ерекшеліктерін ескере отырып, жеке қосалқы шаруашылықтан  түсетін табысты есептеу нормалары айқындалған.

Бұл ретте, жергілікті атқарушы органдар жеке қосалқы шаруашылықты табыс көзіне жатпайды деп айқындай алады. Яғни, әкімдіктер өз қалауы бойынша жеке қосалқы шаруашылықтан түсетін табысты ескермеуге құқылы.

1 сәуірден бастап отбасының жалпы табысын есептеу кезінде қандай табыс алынып тасталады?

АӘК тағайындау үшін отбасының жиынтық табысын есептеген кезде мыналар есепке алынбайды:

1. 4 және одан да көп баласы бар көпбалалы отбасыларға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы;

2. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы;

3. баланың мүгедектігі бойынша жәрдемақы;

4. студенттердің стипендиясы;

5. жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын біржолғы төлемдер.

Көпбалалы отбасыларды қолдау бойынша тағы қандай шаралар бар және олар бойынша толық және дұрыс ақпаратты қайдан алуға болады ?

«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға ай сайын 16 160 теңге (6,4 АЕК) мемлекеттік жәрдемақы төленеді. Бүгінде 235 мың ана осындай құрметті атаққа ие.

Сондай-ақ, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар:

- көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын;

- тұрғылықты мекенжайын тіркеу, паспорт және жеке куәлік алу кезінде жасалатын нотариаттық және заң тұрғысынан маңызды әрекеттер үшін мемлекеттік баж салығын және т.б. төлеуден босатылады.

Сонымен қатар, 5 және одан да көп бала туып, оларды 8 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған аналар 53 жасында зейнетке шығуға құқылы.

Бұдан басқа, министрлік азаматтардың ұсыныстарын ескере отырып, әлеуметтік көмек пен қызметтердің бірыңғай пакетін әзірледі. Оны АӘК алушыларға жергілікті атқарушы органдар көрсетеді. Әлеуметтік пакетке жергілікті атқарушы органдар есебінен көрсетілетін 11 әлеуметтік қолдау және әлеуметтік қызмет шарасы кіреді. Оның ішінде 1-4-сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету, қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру, балалар лагерлерінде тегін демалу, тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту, мектеп формасымен, оқулықтармен және оқу керек-жарақтарымен қамтамасыз ету және т.б. бар.

Бірыңғай әлеуметтік пакетті енгізу елдің барлық өңірлерінде мұқтаж азаматтарға бірдей әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және басқа да жеңілдіктер мен жәрдемақылар туралы толық ақпаратты жұмыспен қамту орталықтарынан, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларынан, ауылдық әкімдіктерден, сондай-ақ 111 call-орталығы арқылы алуға болады.

Қандай жастағы балалар АӘК ала алады ?

Жаңа механизм бойынша ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% немесе 20 789 теңге мөлшеріндегі кепілді төлем 18 жасқа дейінгі балаларға, ал орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқыған жағдайда, білім беру ұйымын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жасқа толғанға дейін) төленетін болады.

Дереккөз: saryarka.webpress.kz

Ұсынған: Мақпал Сембай

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Ажал апанына айналған кен орны
    22/05 12:39 0 15
    2
    Ұлттық банк елордаға көше ме?
    22/05 12:18 0 64
    3
    "Головкиннің әрекеті оның деңгейіне сәйкес келмейді…" – Елеусінов арадағы дауға нүкте қойды
    22/05 11:55 0 157
    Ринат Заитов: Сайлау әділетсіз өтсе, халық алаңға шығатынына кепілдік беремін (видео)
    22/05 11:53 0 1017
    Құдайға сенетін қызыл коммунист
    22/05 11:31 0 118

    Таныстырылғандар

    Қытайлық кәсіпкерлер қазақтың киізіне қызыға бастады
    Қытайлық кәсіпкерлер қазақтың киізіне қызыға бастады
    Қытайлық кәсіпкерлер қазақтың киізіне қызыға бастады
    20-26 мамыр аралығында Қытайдың мәдениет пен туризм апталығы өтеді. Оған осы елдің әртістері, қолөнершілері, ушу шеберлері мен саудагерлері келеді.
    Аудио тыңдау
    18/05/2019 07:35 0 629
    Абзал Құспан: Сайлау құжаттарын бұрмалау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі
    Абзал Құспан: Сайлау құжаттарын бұрмалау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі
    Абзал Құспан: Сайлау құжаттарын бұрмалау 4 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеледі
    Бұрын-соңды ешбір сайлауда ел халқы дәл бұлайша, білек сыбанып, белсенділік танытқан емес.
    Аудио тыңдау
    19/05/2019 14:01 0 2335
    Құдықтан су  таситын ең кедей президент кім?
    Құдықтан су таситын ең кедей президент кім?
    Құдықтан су таситын ең кедей президент кім?
    Оны әлемдегі ең кедей президент деп те атайды.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 01:30 0 3288
    Бірнеше банкротты бастан кешкен бизнесмендер баяны
    Бірнеше банкротты бастан кешкен бизнесмендер баяны
    Бірнеше банкротты бастан кешкен бизнесмендер баяны
    Кәсіпкердің айтуынша, жоба жүзеге асып, қолданысқа енгеннен кейін барлығы ойындағыдай жұмыс жасай бастаған.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 02:59 0 169
    Зеленский ұлықтау рәсіміне жаяу келді
    Зеленский ұлықтау рәсіміне жаяу келді
    Зеленский ұлықтау рәсіміне жаяу келді
    Киевте президент Владимир Зеленский өзінің ұлықтау рәсіміне жаяу келді
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 13:11 0 609
    Байбек қаланы қоғамдық көлікпен аралап жүр
    Байбек қаланы қоғамдық көлікпен аралап жүр
    Байбек қаланы қоғамдық көлікпен аралап жүр
    Қоғамдық көліктердің бірінде баласымен бірге отырған суретін жарялаған қала басшысы Алматыдағы қоғамдық көліктердің хал-ахуалын айтып өткен.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 15:00 0 837
    Жұмаш Көкбөрі: Жағымпаздардан құтылмай, ұлт болып жарытпаймыз!
    Жұмаш Көкбөрі: Жағымпаздардан құтылмай, ұлт болып жарытпаймыз!
    Жұмаш Көкбөрі: Жағымпаздардан құтылмай, ұлт болып жарытпаймыз!
    Жетер халқым, жағымпаздар жойылсын! Жетер халқым, есіңді жи, атқа қон!..
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 10:56 0 444
    Ләззат Сүйіндік жаңа қызметке тағайындалды
    Ләззат Сүйіндік жаңа қызметке тағайындалды
    Ләззат Сүйіндік жаңа қызметке тағайындалды
    ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Ләззат Кеңесқызы Сүйіндік ҚР АҚДМ Ақпарат комитетінің төрайымы лауазымына тағайындалды.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 11:47 0 214
    Ақтаудағы жағажайда жалаңаш билегендер жайы. Полиция не дейді? (видео)
    Ақтаудағы жағажайда жалаңаш билегендер жайы. Полиция не дейді? (видео)
    Ақтаудағы жағажайда жалаңаш билегендер жайы. Полиция не дейді? (видео)
    Жағажайда жалаңаш "жын-ойнақ" ұйымдастырған жергілікті жердің азаматы екен. Өзінің өрескел әрекетін азамат түсіндіріп бере алмады.
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 13:53 0 2690
    Головкин-Роллс жекпе-жегін қазақстандықтар қаншада тамашалай алады?
    Головкин-Роллс жекпе-жегін қазақстандықтар қаншада тамашалай алады?
    Головкин-Роллс жекпе-жегін қазақстандықтар қаншада тамашалай алады?
    Нью-Йорк қаласында "Мэдисон Сквер Гарден" аренасында басты оқиға WBC/WBA/IBF орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин..
    Аудио тыңдау
    21/05/2019 16:22 0 441
    Əйел өліміне себеп болған молда туралы ҚМДБ пікір білдірді
    Əйел өліміне себеп болған молда туралы ҚМДБ пікір білдірді
    Əйел өліміне себеп болған молда туралы ҚМДБ пікір білдірді
    ҚМДБ зина жасаған "имамға" қатысты мəлімдеме жасады.
    21/05/2019 21:15 0 5262
    Америкалық боксшы Макгрегордың досының бетіне түкіріп жіберді (Видео)
    Америкалық боксшы Макгрегордың досының бетіне түкіріп жіберді (Видео)
    Америкалық боксшы Макгрегордың досының бетіне түкіріп жіберді (Видео)
    Қос былғары қолғап шеберінің жекпе-жегі Bare Knuckle FC 6 турнирінің басты кездесуі болмақ. Аталмыш турнир 22-маусым күні АҚШ-та өтеді.
    22/05/2019 00:50 0 236
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Орта есеппен 2,5 млн теңге жалақы төлейтін қаланы білесіз бе?
    Бұған дейін осы тізімде Цюрих қаласы бірінші болып тұрған. Қазір ондағы орташа жалақы Сан-Францискоға қарағанда 400 долларға кем.
    22/05/2019 01:48 0 213
    Трамп ерекше табынушысымен кездесті
    Трамп ерекше табынушысымен кездесті
    Трамп ерекше табынушысымен кездесті
    Трамптың табынушысы үстіне қабырғаға ұқсас костюм киініп, президентті қолдауға келген
    22/05/2019 03:58 0 205
    "Мені мұндай күйге түсірген — Димаш": Украиналық қазақ халқына деген махаббатын білдірді
    "Мені мұндай күйге түсірген — Димаш": Украиналық қазақ халқына деген махаббатын білдірді
    "Мені мұндай күйге түсірген — Димаш": Украиналық қазақ халқына деген махаббатын білдірді
    Мен сезімімді ішке сақтай алмадым.
    22/05/2019 10:45 0 278