• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 03:29:36
Алматы
+35°

25 Қаңтар, 2019 Оқиғалар

1 млн теңгені иесіне қайтарып бергісі келген жігіт халықтан кешірім сұрады (видео)

Сондай ақ Закир  Рауан өзін қонақ ретінде сұхбатқа шақырған 31-арна мен "Өз ойым" бағдарламасынан да кешірім сұрады.

Апта басында 1 млн теңгеден астам ақша тауып алып, оны иесіне қайтарып беремін деп жарияға жар салған жігіт халықтан кешірім сұрады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Оның бұл видеосын қайырымдылықпен айналысатын Айдын Тоқсанбаева өзінің инстаграм парақшасына жариялады. 

"Мен Закир Рауан. Істеген ісіме өкіндім. Бұл нәрсені не үшін жасағанымды білмеймін. Мен өтірік алдадым. Бұл әпкемнің ақшасы болды. Сондықтан халықтан кешірім сұраймын. Дұрыс жасамадым", деді Закир Рауан. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Менде айтар сөз жоқ!

Публикация от Janym Baklajanym (@janym_baklajanym)

Сондай ақ Закир  Рауан өзін қонақ ретінде сұхбатқа шақырған 31-арна мен "Өз ойым" бағдарламасынан да кешірім сұрады. 

Айта кетсек, Закир Рауан 20 қаңтарда ақша толы әмиянды тауып алғанын айтып, танымал блогер Айдын Тоқсанбаеваға хабарласады. Ал блогер болса өз кезегінде инстаграм парақшасы арқылы әмиянның иесіне іздеу салады.  

Дайындаған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір