БІЗ ТУРАЛЫ

Сайт туралы

Ресми атауы: «Qamshy.kz» ақпарат агенттігі

Құрылған уақыты: 2012 жыл.

Қызметі: үш әліпбиде(латын, төте, кирилл), үш тілде(қазақ, орыс, ағылшын) ақпарат таратады.

Ұраны: Ұл болсаң қолыңда, құл болсаң төбеңде ойнайды!

Жоба жетекішісі: Біләл Қуаныш

Жетістіктері

Күн сайын 70-мыңға жуық оқырманға ақпарат таратып қана қоймай, мемлекеттік, қоғамдық, әлеуметтік іс-шараларға да айрықша ден қойып келеді. Әр жылдары өткізген « Қазақ хандығына 550 жыл », «Қазақ дауысы», « Көш және Көшбасшы » мерекелік концерттері соның айғағы.
«Алашорда – 100 жыл» жалпыхалықтық шараларын да мемлекет көлемінде алғашқы болып қолға алып, ірі 5 іс-шараны атқарды.
«Qamshy.kz» ақпарат агенттігі 2017 жылғы қаңтар айында «Алашорда – 100 жыл» жалпыхалықтық шараларын іске асыратынын жариялады. Соған сай, Алаш арыстарына арнап Ахмет Байтұрсынұлының өзі тұрған музей-үйінде 5 наурызда ас берді, 15 сәуірде Байтұрсынұлы саябағында 100 ағаш отырғызды. Ал, 24 қарашада «Ugai Production» әншілерімен бірлесіп, «100 жетім балаға киім-кешек сыйлау, 100 студентке бір жолғы стипендия тағайындау» мақсатында «Жыламасын сәбилер» атты қайырымдылық концерт өткізіп, 4 миллион теңге көлемінде қаржыны қайырымдылыққа арнады. Жылдың қорытындысы ретінде 25 желтоқсанда, зиялы қауым өкілдерін шақырып «арыстарының 100 ізбасарын» марапаттады.

Біздің миссия

Мемлекеттік саясатты, көші-қон саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, азаматтардың әлеуметтік мәселелерінің шешім табуына ықпал ету, мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі қалыптасуына үлес қосу.

«Qamshy.kz» ақпарат агенттігіне 2018 жылғы 7 ақпанда ҚР Ақпарат және Коммуникация министрлігінің №16882-ИА куәлігі берілген.

Меншік иесі — «Qamshy Media» ЖШС.

СТН (РНН) 60900721159

БСН (БИН) 17140006184

ЖСК (ИИК) KZ506010131000323414

БСК (БИК) HSBKKZK

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ