• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 04:03:51
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2018 NEWS

«Зорланған» баланың заңгері: ІІД қызметкері баланы өтірік айтты деп айтты

«ОҚО-дағы Сарыағаш ауданы Абай ауылының жеті жастағы тұрғыны зорлықтың құрбаны болды» деген хабар әлеуметтік желіге кең тарады.

Бүгін Алматыда "ОҚО-да зорланған балаға қатысты дау-дамай" атты баспасөз жиыны өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Конференцияға заңгер Бауыржан Азанов, Қазақстандағы адам құқығы жөніндегі халықаралық бюро директорының орынбасары Роза Ақылбекова және БАҚ өкілдері қатысты. 

Конференцияда сөз алған заңгер Бауыржан Азанов ОҚО ІІД қызметкерлері баланың зорланбағанын айтқанын жеткізді. 

- Осыдан екі ай бұрын әжесі ОҚО ІІД бала зорлығына қатысты арызданған. Алайда маған жеткен ақпарат бойынша, екі айда ешқандай тергеу жүргізілмеген. Сондықтан оларды Алматыға бара жатқан жолда пойызда түсіріп алып, ІІД-ге жеткізген. Мен тергеу әрекеттерін таң ертең жүргізуін сұрадым. Себебі заң бойынша тергеу түнде жүргізілмейді. Кезекші полицейді шақырып, тергеудің таң ертең жүргізілуі турасындағы өтінішімді тіркеуін сұрадым. Бірақ өтінішім орындалмады.",-дейді ол. Заңгердің айтуынша, ОҚО ДВД қызметкері баланың өзін зорлады деп өтірік айтып отырғанын айтады.

- Тергеу жүргізілмей, экспертиза жасалмай жатып олардың баланың зорланбағанын айтып отырса, олар әділетті тергеу жүргізетініне сенімді емеспін, деді заңгер.  

Айта кетейік,  «ОҚО-дағы Сарыағаш ауданы Абай ауылының жеті жастағы тұрғыны зорлықтың құрбаны болды» деген хабар әлеуметтік желіге кең тарап, жергілікті БАҚ-тың назарына ілініп, әлеуметтің ашу-ызасын тудырып, қатты талқылауға ұласқан. 14 наурызда Батырбекова мен жиенін полиция ұстағаны хабарланған. Жергілікті қоғам белсендісі Дінмұхамед Артықовтың айтуынша, Батырбекова мен оның жиенін сәрсенбі кешкі сағат 20.00 шамасында Шымкент вокзалынан Алматыға жүрейін деп тұрған жерінен жиырма шақты полицей күштеп алып кеткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір