• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 08:17:38
Алматы
+35°

16 Наурыз, 2018 Әлеумет

Зорланған баланың анасы желіде тараған видеоға сенбейтінін айтты

Аружан Саинның журналистерге берген мәліметіне сәйкес, баланың анасы қазір Астанаға бара жатқанын айтқан.

Аружан Саин ОҚО-дағы Сарыағаш ауданы Абай ауылының жеті жастағы тұрғынына қатысты өткен конференцияда кеше баланың анасымен сөйлескенін айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Аружан Саинның мәліметінше, баланың анасы кеше желіге тараған баланың әжесінің алғыс айтқан видеосына сенбейтінін айтқан. 

-Кеше баланың анасымен кездестім. Заңгерде болды. Әйел біздің көзімізше баланың әжесіне қоңырау шалды. Алайда оның телефоны өшіріліп тұрды. Әйел кеше желіде тараған видеоға сенбейтінін айтты, - дейді Аружан Саин. 

Қайырымдылық қорының басшысы баланың анасы - отбасының жалғыз асыраушысы екенін және отбасында мүмкіндігі шектеулі адам бар екенін айтқан. 

Аружан Саинның журналистерге берген мәліметіне сәйкес, баланың анасы қазір Астанаға бара жатқанын айтқан. 

Естеріңізге сала кетейік, кеше зорланды деген баланың әжесінің халыққа, әкімдерге, Зағипа Бәлиеваға алғыс айтқан видеосы Youtube желісінде жарияланған. Бірнеше сағаттан кейін видео желіден өшірілген. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір