12 Ақпан, 2018 Аймақтар
Зырянға жаңа мектеп салынады
Бұл туралы ауданға жұмыс сапарымен барған ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді
Бұл туралы ауданға жұмыс сапарымен барған ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Жаңа білім шаңырағы №6 орта мектепте оқып жатқан оқушыларға қуанышты жаңалық болды. Себебі, мұндағы бала саны тиісті нормадан екі есе көп, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Жарты ғасырда талай зыряндық түлеп ұшқан №6 орта мектеп бүгінде қаладағы қара шаңырақтың бірі. Алайда 620 оқушыға арналған оқу орнында қазіргі таңда 1000 тарта бала білім алады.
– Қалаға жаңа мектеп керек. Сондықтан 600 орындық білім шаңырағының құрылысы басталатынын айтамын. Аудан әкімі тезірек іске кіріссе, сметасын жасаса, облыс тек қолдайды, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.
"Менің мектебім" жобасы аясында бүгінде №6 орта мектепте жаңа модификация кабинеттері, яғни, робот теxникасы, xимия, физика сыныптары жабдықталу үстінде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір