• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 22:51:26
Алматы
+35°

22 Маусым, 2018 Ғылым-білім

Журналистиканы 4 жыл оқудың қажеті жоқ — Ерлан Сағадиев

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта қаралып жатқан жаңа заң жобасында екі мәселе қарастырылған.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев журналистиканы 4 жыл оқудың қажеті жоқ деп санайды. Бұл туралы министр бүгін Медиа білім беруді дамыту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық кеңесте айтты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Сонымен қатар министр журналистиканы 4 жыл оқудың қажеті жоқ деген пікірмен келісетінін жеткізді. 

Меніңше, ең бірінші кезекте журналист өзі жазатын саланың маманы болуы тиіс. Егер медицина туралы жазатын болса, онда дәрігер болғаны, экономиканы жазса экономист, банкир одан кейін журналист болғаны жақсы. Журналистке экономика туралы жазуды, ақпаратты қалай дұрыс беру керек екенін  үйрету экономистке қарағанда әлдеқайда қиын, - деді министр.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта қаралып жатқан жаңа заң жобасында екі мәселе қарастырылған.

— Біріншісі, ендігі уақытта 4 жыл оқу міндетті емес. 2,5 жыл немесе 8 жыл, қалағаныңша оқуға болады. Мәселе студенттің кредиттің белгілі бір санын жинағанына байланысты. Екіншіден, егер сен экономист болсаң екінші мамандығың журналистика болатын жүйе енгізіледі,- деді Ерлан Сағадиев.

Ерлан Сағадиевтың айтуынша, ендігі іс жоғары оқу орындарына қалып отыр. Олар пәнаралық бағдарлама құруы тиіс. Сол кезде саланы түсінетін, сараптама жасай алатын, жалпы саланың маманы болатын журналистер пайда бола бастайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір