• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:13:28
Алматы
+35°

18 Мамыр, 2018 Әлеумет

Журналистерге арналған байқау жарияланды. Жүлде қоры – 1 миллион теңге

Байқаудың мақсаты – тілшілер қоғамын Елорданың мерейтойы мен өмірі туралы жарықтандыруға жұмылдыру.

«Qadam Intech» қоғамдық ұйымы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының тапсырысы аясында «Астана – ұлы дала елордасы» атты журналисттер мен блогерлер аралық байқауды өткізу бойынша жобасын іске асыратынын хабарлайды. Байқау Астана қаласының 20-жылдық мерейтойына арналмақ.

Алматы қаласы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Кенжебұлатовтың айтуынша, оның мақсаты – тілшілер қоғамын Елорданың мерейтойы мен өмірі туралы жарықтандыруға жұмылдыру.

 Байқауды өткізуде келесі 7 номинациялар қарастырылған:

  1. Үздік телевизиялық сюжет;
  2. Баспа басылымдарындағы үздік мақала;
  3. Үздік радиоматериал;
  4. Интернет-ресурстардағы үздік материал;
  5. Әлеуметтік желідегі үздік шығарылым;
  6. Үздік фотоматериал;
  7. Үздік вайн

Жалпы, жүлде қоры 7 000 000 теңгені құрайды, 1 миллион теңге әр номинация бойынша беріледі.

Байқауға Астана қаласының 20 жыл ішінде жеткен жетістіктері мен қоғамдық-саяси өмірі және әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жұмыстар қабылданады. Сонымен қатар байқауға қатысуға блогерлер мен вайнерлерде шақырылады.

Байқауға қатысу үшін www.astana20jyl.kz ресми сайтында онлайн өтініш қалдыру қажет. Өтініштер ағымдағы жылдың 15 маусымына дейін қабылданады.

Байқау комиссиясы диплом мен сыйақы алушыларды келесі белгілер бойынша іріктейді:

  • материалдың дұрыстығы;
  • өз ойын жеткізудің шеберлігі мен кәсіпқойлығы;
  • материалдың қоғамда кеңінен талқылануы;
  • жұмыстың шығармашылық өзектілігі;
  • материалда көрсетілген жетістіктің өзектілігі және шығармашылық талдаудың тереңдігі.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір