• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:31:40
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2017 Оқиғалар

Журналист сауалнама кезіндегі пікірлерді естіп қатты таңғалды (видео)

Шетелдік БАҚ-тың өкілі Джафар Абдул Карим Аммана тұрғындарының арасында әйелдердің жұмыс жасауына қатысты сауалнама жүргізді

Шетелдік БАҚ-тың өкілі Джафар Абдул Карим Аммана тұрғындарының арасында әйелдердің жұмыс жасауына қатысты сауалнама жүргізді, — деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Аммана Ислам мемлекеттерінің бірі Иордания елінің астанасы. Джафар Абдул Карим жергілікті тұрғындардан «әйеліңіздің немесе қарындасыңыздың жұмыс жасауына қалай қарайсыз?», — деп сұрақ қойды.

Сауалнамаға қатысушылардың барлығы дерлік өз қарсылығын білдірді. Тек бір сауалнамаға қатысушы азамат қана әйелінің жұмыс жасауына қарсы болмайтынын айтты. Ол «тек жұмыс орны қауіпсіз болуы керек», — деді. 

«Бұл мүмкін емес жағдай. Әйел адам үйден әкесінің немесе күйеуінің рұқсатынсыз шықпауы керек», дейді сауалнамаға қатысушы иорданиялық.

 «Әйелім, қарындасым, әпкем жұмыс жасайтын болса менің еркектігімнен не қалады? Әйелім, әпкем мен қарындасым — менің намысым. Сондықтан бұл өте маңызды. Егер мен әйеліме жұмыс жасауға рұқсат ететін болсам, ол ақша үшін бөтен жерде қызмет ететін болса мен намысымнан, еркектігімнен айырыламын», — деп жауап берді сауалнамаға қатысушы.

Джафар Абдул Карим ер азаматтардың бірінен «егер әйеліңіз сізге қарсылық танытса не істейсіз?», —деп сұрақ қойды. Сауалнама қатысушылардың бірі әйелін ойланбастан өлтіретінін айтты.

«Бұған тыйым салынған. Бұл – ардың ісі. Еркегі бар үйдің асыраушысы да еркек. Егер маған қарсы шықса мен оны атып тастаймын. Мен оны өлтіремін. Мен шындығымды айттым. Бұл жерде ешқандай әбестік жоқ. Бұл — біздің намысымыз»,  — деп күліп жауап берді ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір