• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 10:48:59
Алматы
+35°

06 Қараша, 2018 NEWS

Жүрсін Ерман «Көкжайлау» жобасына қарсылық білдірушілерді батыл сынады

«Көкжайлау» жобасына қарсы жандар жеңіл жол ізеп, өздерін жарнамалап, арзан ұпай жинауда

Еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман «Көкжайлау» жобасына қарсылық білдірушілерді өздерін жарнамалаушылар мен арзан ұпай жинаушылар деп батыл сынады.

«Менің ойымша, «Көкжайлау» жобасына қарсы жандар жеңіл жол ізеп, өздерін жарнамалап, арзан ұпай жинауда. Бізге біреу емес, осындай бірнеше жоба қажет. Альпіне жақын орналасқан Еуропа елдері таушаңғысы туризмінде жақсы табысқа қол жеткізіуде. Біздің тауларымыз қандай керемет, біз табиғаттың бар байлығын барынша ұтымды пайдалануымыз қажет», - деп атап өтті Жүрсін Ерман.

Өз кезегінде «Болашақ» республикалық қозғалысының төрағасы Дәурен Бабамұратов жекелеген қазақстандықтардың Австрия мен Франция курорттарына баруларына мүмкіндіктері жоқ екенін айтты.

«Сонда жастар қайда сырғанаулары тиіс? Кейбіреулерінің Еуропада, Франция мен Австрияда шаңғы тебулеріне жағдайлары көтермейді. Егер «Көкжайлаудың» орнына зауыт салынса, ол қоршаған ортаға зиянын тигізеді ғой», - деді Дәурен Бабамұратов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір