• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:07:02
Алматы
+35°

20 Қараша, 2017 Әдебиет

Жүрегіміз барады-ау тасқа айналып

Туа салып тауқымет тартатындай. Не жазығы бар еді,

Қарасуық.
Қараша.
Қала күзі.
Екі тағдыр көрдім мен нала жүзі.
Екі жетім жоқ үйі, жоқ азығы,
Туа салып тауқымет тартатындай,
Не жазығы бар еді,
Не жазығы?

Соны ойладым,
Қалтырап күз қойнында,
Көп ойладым оранып мұздай мұңға.
Құшақтасып жатты олар,
"Ешкімнің де,
Хақысы жоқ, дегендей, бізді айыруға!".

Ағасының білегін жастанып ап,
Жатты інісі жанарын жасқа бұлап.
Қос мұңлықты елейтін ешбір жан жоқ,
Қала,
Дала,
Қалғандай бос қаңырап.

Тарықса да таба алмай түнер орын,
Тағдырының күрделі күре жолын, - 
Жазғырмайды ешқашан.
Тас жастықта
Жатса-дағы, жұп-жұмсақ жүрегі оның.

Ал, біздің ше,
...Қайтеміз босқа айла ғып?
Кейде күпір қыламыз жастай налып.
Құс жастықты құшақтап жатсақ-тағы,
Жүрегіміз барады-ау тасқа айналып.

Қалқаман САРИН

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір