• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

06 Мамыр, 06:13:43
Алматы
+35°

30 Шілде, 2018 Әлеумет

«Жұмысқа орналасу үшін тек жеке куәлік жеткілікті болады»

Екінші мақсатымыз – еңбек кітапшасынан мүлдем бас тарту.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Нұрланұлы Мұқышев алдағы уақытта жұмысқа орналасу үшін тек жеке куәліктің ғана қажет болатындығын атап өтті. Бұл туралы ол Астанадағы Astana Hub технопаркінде болған кездесуде мәлімдеді.

«Біз алдымызға екі мақсат қойдық. Оның бірі – жұмысқа тек жеке куәлік арқылы орналасу. Қазіргі кезде жұмысқа тұру үшін диплом, 086У анықтамасы және т.б. құжаттар талап етіліп келеді. Ендігі уақытта тек қана жеке куәлік арқылы жұмысқа орналасуға болады», - деді Н. Мұқышев.

Сондай-ақ, ол еңбек кітапшасының алдағы уақытта түбегейлі жойылатынын, бұл мақсатта жаңа жүйенің құрылатындығын мәлімдеді.

«Екінші мақсатымыз – еңбек кітапшасынан мүлдем бас тарту. Бұл үшін біз не істедік? Осыған байланысты, келісім-шарттардың бірыңғай сақтау жүйесін құрдық. Бұдан өзге, жеке куәлікті айтпағанда құжатсыз жүйеге көшу мен IT-нарығын ынталандыру да басты мақсаттарымыздың бірі саналады», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, сәттілікке жетудің басты себебі – істеп жүрген іске жауаптылықпен қарап, барын салып қызмет етуде екен.

«Бүгін мен АТ стартап туралы емес, жалпы тәсілдер туралы айтқым келіп тұр. Өйткені, әдістер барлық салаға керек. Егер біз өзіміз істеп жүрген ісімізге мән беретін болсақ сәттілікке де, жетістікке де жететін боламыз. Әр адам жанын салып еңбек етсе, жүрегімен қызмет етсе бәрі де болады. Ең басты инвестиция - ол өзіңе құю. Ол дегеніміз - жаңа білімдер мен жаңа дағдылар», - деп атап өтті Нариман Нұрланұлы.

Кездесу барысында вице-министр еліміздегі е-коммерцияның даму жағдайы жөнінде, сондай-ақ, цифрландырудың аясында жүзеге асып жатқан жобалар мен проактивті қызметтерге тоқталды.

«Электронды коммерция еліміздегі қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Оның даму қарқыны Қазақстанда 100 пайызды көрсетіп отыр. Ал, бұл көрсеткіш әлемде 50-60 пайызды құрап отыр. Осыдан көретініміз біздің азаматтарымыз онлайн-сауданы тез меңгеріп, жылдам бейімделуде», - деді ол. 

Айта кетейік, аталған шара 24 шілдеде Астана қаласындағы Astana Hub технопаркінде өтті. Оған бизнес өкілдері мен өз істерін жаңадан бастап жатқан кәсіпкерлер және ІТ мамандары қатысты. Олар вице-министрдің баяндамасынан кейін өздерін толғандырған сұрақтарын жолдап, өзара пікір алмасты. Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде цифрландыру қалай жүріп жатқаны туралы спикерден IT-технологиялардағы тәжірибемен бөлісуді сұрады.

 

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір