• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:48:09
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 Әлеумет

Жұмбақ миллиардер бүкіл әлемде өз ұрпағын өрбітіп, әскер жасақтамақ

Бала туған соң оның құжаттарын рәсімдеумен заңгерлер айналысқан.

Тайланд соты Мицуоки Сигэту есімді жапон миллиардерімен соттасып жатыр. Миллиардер соттан өзінің балаларын қайтарып беруді талап етуде. Полиция жапондықтың 15  баласын тауып, қалған балаларын іздестіруде. Кейбір адамдардың пікірінше, миллиардер жігіт  өз ұрпақтарынан армия тізбекші.

«Естімеген елде көп» демекші, Жапонияның танымал миллиардерінің ерекше оқиғасы туралы Лента.ру жазады.

Вассана есімді әйел  New Life атты компаниямен келісімшарт жасасқан. Бұл компания   табиғи жолмен балалы бола алмайтын жұптарға суррогат ана болуға әйелдерді іздейді. Бұл қызмет үшін әйелдерге 10 мың доллар қаражат төленеді екен.

30 жастағы Вассана Бангкокта баласы және тағы жеті адаммен бірге пәтер жалдап тұратын. Компания ұсынған мүмкіндікті пайдаланбақшы болған әйел суррогат ана боулға келіседі. Ол өзінің клиентінің кім екенін, яғни кімге бала тууып беретінін білмеген, баласының әкесін бастапқыда танымаған. «Егер осыншама ақша ұсынса, балалы болуды қатты қалайтын ерлі-зайыптылар болуы керек» деп ойлаған әйел қатты қателескенін кейін білген.

2013 жылдың жазында Вассана босанып, екі айдан кейін баласының әкесімен танысқан. Ұзын шашты жапондық жігіт ештеңе деместен, күлімсіреп қана қойған.

"Өзінің заңгері арқылы мені ата-ана құқығымнан айыру туралы келісім жүргізді",- дейді әйел. Әйел келісіп барлық құжаттарды рәсімдеген. Бір жылдан кейін Вассана өзінің клиентін теледидардан көрген. Жаңалықтардан Бангкок қаласының сыртындағы үйлердің бірінде полиция тексеру жүргізіп, 2 жас-2 апта аралығындағы тоғыз бала табылған. Олардың барлығы әлгі жапон жігітінің балалары екені белгілі болған.

Bangkok Post басылымы көп балалы жапондықтың шетелдік төлқұжатының көшірмесін тауып алған. Белгілі болғандай, көп балалы әке 24 жастағы  Мицуоки Сигэта болып шыққан. Мәліметтерге қарағанда оның әкесі Жапониядағы ең бай адамдардың бірі екен.

Сигэта 2012 жылдан бастап суррогат аналарға деген қызығушылығын білдірген. Ол суррогат аналарға 500 мың доллардан аса қаражат жұмсаған. Сигэтаның осы тәсіл арқылы  қанша баланың әкесі атанғаны белгісіз. ДНҚ нәтижелері бойынша ол 15 баланың әкесі деп танылған. Бангкогтағы тұрғын үйлердің бірінде оның атына жазылған 21 бала табылған.

Сигэта Бангкогта бала «шығарумен» арнайы жоспар бойынша айналысқан. Оның агенттері әйелдерді тауып әкеліп отырған. Дәрігерлер олардың денсаулықтарын қадағалаған. Бала туған соң оның құжаттарын рәсімдеумен заңгерлер айналысқан. Тайландтағы Интерпол бюросының директоры бұған дейін мұндайды ешқашан көрмегенін, естімегенін айтады. «Осыншама баланы дүниеге әкелу оған не үшін керек екенін түсінбей-ақ қойдық»,-дейді олар. Бастапқыда полиция мәселе  балалар саудасы мен экплуатациясында деп ойлаған. Алайда,  New Life компаниясын негіздеуші  әйелдің айтуынша, Сигэтаның басты мақсаты «үлкен отбасын құрып, болашақта сайлауда жеңіске жету» болған. Мицуоки Сигэта өзінің өмірінің соңына дейін жыл сайын 10 – 15 баланы дүниеге әкелуді мақсат етіп қойған. Миллиардер өз ұрпақтарының болашақта өзін президенттікке сайлау кезінде көмектесетінін ойлаған, осындай тәсілмен бүкіл әлемді билеуді қалаған.

Сигэтаның өзі бірнеше ондаған ұрпақ сүюді қалайтынын мойындамай отыр. Оның айтуынша, балалар оған ол өмірден өткен соң, дүние-мүлкін, қазынасын  қалдыру үшін керек. Миллиардердің заңгерлері Сигэтаның балаларының барлығында туу туралы куәліктің бар екендігін, аттарында мүлік бар екенін, яғни бәрінің заңды тұрғыда жасалып жатқанын айтады.

Жапониялық миллиардер төртінші жыл Таиланд билігімен балаларын қайтару үшін соттасып жатыр.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір