• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 06:36:16
Алматы
+35°

17 Қараша, 2017 NEWS

Жұлдыз Әбдікәрімова: Үйдің кенжесі болғандықтан, тамақ істей алмайтын едім

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасқа тұрмысқа шыққан кездегі алғашқы сәттерді есіне алды.

Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасқа тұрмысқа шыққан кездегі алғашқы сәттерді есіне алды.  Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жұлдыздың өз Instagram парақшасына қалдырған жазбасына сүйеніп жазады.

Instagram-ды небәрі екі ай бұрын ашқан Қайраттың жұбайына жазылушылар саны көзді ашып жұмғанша 345 мыңға жетті. Оның соңғы жазбасы Қайраттың отбасына алғаш рет келін болып түскен кезіне арналады.

Жазбада Жұлдыз Қайратпен арадағы махаббат ұшқынының 2007 жылы жалындап, 18-19 жастағы жастардың бақыттан басы айналған кезін суреттеумен басталады. Екі жастың жүрегі бақыт пен мәңгілік махаббат соңынан қандай әрекетке болсын баруға даяр екендігі де ағынан жарыла жазылған.

qamshy.kz

«Екеуміз шаңырақ құруға шешім қабылдағанда айналадағылардың айтқандарына мән бергіміз келмеді. Бастысы, оның ата-анасы келісімді берден берді, менің әкем басында бұл туралы білмеген, артынан оны да көндірдік. Беташардан екі күн өткенде Қайрат анасымен Қазақстан қалаларын аралап, гастрольге кетті. Үйде әке мен 10-12 жастағы балалармен бірге қалдым. Өз отбасымда кенже қыз болғандықтан, тамақ істей алмайтынмын. Дегенмен, үйді жинау менің мықты қасиетім болды»,- деп жазды Жұлдыз.

Бұл жазбаның соңында ол аз уақыттан кейін жалғасын жазатындығын айтты.

Желі қолданушылары егер Жұлдыз кітап жазатын болса оны сатып алатындықтарын және Қайрат екеуіне мол бақыт тілейтіндіктерін айтып жатыр. «Сіз өте сұлусыз, сізді алған Қайрат бақытты» деп, тілектерін жаудырып жатты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір