• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:23:32
Алматы
+35°

21 Қараша, 2017 NEWS

Жүкті құрбысының құрсағын ойып алған америкалық әйел 40 жылға сотталды

2015 жылы 9-шы айы жеткен жүкті құрбысының ішін кесіп алған американдық әйелге 40 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шықты.

2015 жылы 9-шы айы жеткен жүкті құрбысының ішін кесіп алған американдық әйелге 40 жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкімі шықты, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі New York Post-қа сүйене отырып жазады.

Сот 24 жастағы Нью-Йорк тұрғыны Эшли Уэйдті қатыгез өлімге кінәлі деп танылды. Нәтижесінде Эшли 40 жыл бас бостандығынан айырылды. Сотта ол өзінің айуандық әрекеті үшін кешірім сұрағанмен, бұл әрекетті не үшін жасағандығы туралы нақты түсіндіре алмады.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2015 жылы қарашада Нью-Йорктегі Бронск деген жерде болған еді. Өзін жүктімін деген қылмыскер құрбысы Анжелика Саттонды үйіне қонаққа шақырған. 9 айлық жүктілік кезеңіндегі әйел дәл осы күні тұрмысқа шықпақ болған. Алайда Анжелика табалдырықты аттай салысымен, Эшли оған тап берген. Қылмыскер әйел құрбысына 50 рет пышақ сұғып, ол айғай салмасы үшін оның дыбыс шығаратын мүшесін және қан тамырларын да ауыр жарақаттаған. Жүкті әйел тыпыршуын тоқтатқанда, қылмыскер оның ішіндегі ұрықты ішкі органымен қоса жұлып алған.

Тергеу амалдары нәтижесінде, Уэйдтің қылмысты алдын ала жоспарлағаны аян болды. Ол үшін ол жүктімін деп өтірік айтып, болашақ балаға керектінің барлығын сатып алып қойған.

Анасының құрсағынан қатыгездікпен кесіп алынған сәби қыз тірі қалды. Қазіргі кезде ол әкесімен бірге тұрады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір