• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 05:13:50
Алматы
+35°

01 Ақпан, 2018

Жұбайларын орамалдың астына жасырған қазақстандық жұлдыздар (фото)

Қазақстанда Құдай қосқан қосағы хиджап киетін жұлдыздар бар. Qamshy.kz ақпарат агенттігі солардың тізімін оқырман назарына ұсынады.

Бүгін – Бүкіләлемдік Хиджаб күні. Оған байланысты қоғамда көптеген пікір бар. Біреулер хиджаб кию жат ағым өкілдеріне тән десе, енді біреулер орамал тартудың парыз екенін алға тартады. Бірақ біздің айтпағымыз бұл емес. Қазақстанда Құдай қосқан қосағы хиджаб киетін жұлдыздар бар. Qamshy.kz ақпарат агенттігі солардың тізімін оқырман назарына ұсынады.

Бекболат Тілеухан мен оның әйелі

Бекболат Тілеуханның отбасы

Белгілі қоғам қайраткері, жыршы, әнші Бекболат Тілеуханның төрт әйелі бар. Төртеуінен тараған 11 баласы бар. Ол былтыр 50-ден асқан шағында ұлды болды.

Ақан Сатаев пен Нәзира Бақаева

Ақан Сатаевтың отбасы

Танымал режиссер Ақан Сатаевтың жары Нәзира Бақаева «Алғашқы махаббат» фильмінде мылқау қыздың рөлін сомдаған. Ақан екеуі «Аллажар» фильмінің түсірілімі кезінде танысып, көңіл жарастырған екен. Бүгінде Нәзира бес бала тәрбиелеп отырған аяулы жар атанған. Инстаграм желісінде белсенді. Оның парақшасына 14 мыңнан астам адам тіркелген. Көптеген оқырман оның киім стиліне қызығып, көмек сұрайтын көрінеді.

Мадияр Серікбаев пен Дана Тұрарбек

Мадияр Серікбаевтың отбасы

Халыққа «Өнер қырандарының» басшысы ретінде белгілі Мадияр Серікбаев пен актриса Дана Тұрарбек өнерде де, өмірде де бірге. Олардың отасқанына биыл 11 жыл болған.

Талғат Жорабаев пен Аяулым Жорабаева

Талғат Жорабаевтың отбасы

Танымал әнші, Алтынай Жорабаеваның інісі Талғат Жорабаев әйелі Аяулыммен әлеуметтік желі арқылы танысқан. Ислам дініне қарсы суретке өз пікірін білдірген Аяулымды желіде отырған Талғат та қолдай жөнеледі. Кейін екеуі жақынырақ танысып, Талғат Аяулымның нөмірін сұрайды. Алғашқыда қарсылық танытқан Аяулым ақыры өз нөмірін беріп, көзқарастары бір жерден шыққан соң жақын араласады. Бір жарым жыл телефонмен сөйлескен Талғат пен Аяулым екі-ақ рет кездесіпті. Олардың үшінші кездесуі ұзатуға ұласқан.

Ролан Қазрет пен Таңшолпан Дәрменова

Ролан Қазреттің отбасы

«Меломен» тобының әншісі Ролан Қазрет 2013 жылы үйленген. Ол жарымен кездейсоқ танысқан, отау құрғанға дейін қолынан да ұстамаған деседі. Ролан да басқа әншілер секілді өз әйелі туралы жиі айта бермейді.

Данияр Елеусінов пен Алина Құрбанәлиқызы

Данияр Елеусиновтің отбасы

Атақты боксшы Данияр Елеусінов 2014 жылы Алина есімді аруға үйленеді. Олардың Даниэль есімді ұлдары бар. Алайда былтыр Рио Олимпиадасының чемпионы әйелінен бөлек тұратынын мәлімдеді. Ерлі-зайыптылар арадағы түсініспеушілікке байланысты уақытша ажырасуға шешім қабылдапты.

Ердос Қанаев пен Айдана

Ердос Қанаевтің отбасы

«Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаев пен Айдананың хикаясы қызық. Олар алғашқы кездесуден соң араға бірнеше жыл салып табысқан. Ердостың айтуынша, ол бір көргеннен-ақ Айдананы жар қылып алатынын сезген. Алайда бірінші кездесуден кейін Айдананы жоғалтып, мүлдем хабарласа алмаған. Кейін болашақ жұбайын өзінің қайын атасы арқылы тапқан.

«Аллаға шүкір, тапқан соң қайтып жоғалтып алмайтындай бекем ұстадық. Тағы да іздеп жүретін бес жыл уақыт жоқ деп сөз салып, ата-анасының рұқсатын алып, отбасылық өмірді бастадым», – дейді Ердос.

Жанқош Тұраров пен Клара Иса

Жанқош Тұраровтың отбасы

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров 2016 жылы Клара Исамен шаңырақ көтерді. Былтыр ол бір қыздың әкесі атанды. Клара да инстаграм парақшасында көптің көз алдында жүр. Қазір оның парақшасына жазылғандар саны 68 мыңнан асты.

Дильен мен оның жары

 

Half of iman

Публикация от ДИЛЬЕН •??• (@mysterions_boy)

Қазақстанда кеңінен танымал «Mysterions» тобының әншісі Дильен жеке өмірін жасырын ұстайды. Үйленгенін өзінің Инстаграм парақшасына ғана жариялаған. Ол жұбайының суреттерін көп көрсете бермейді.

Ілияс Харов пен оның жары

Ильяс Харовтың отбасы

 «Mysterions» тобының тағы бір әншісі Ілияс Харов та өз әйелі туралы ақпаратты жарияламайды. Оның жұбайының Талдықорған тумасы екені ғана белгілі. Ілияс дүркіретіп той жасамаған, тек әйелін туысқандарымен таныстыру үшін ет жақындарын қонаққа шақырған. Былтыр бір ұлы дүниеге келді.

Әсел Болатқызы

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір