• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:05:59
Алматы
+35°

21 Қазан, 2017 Денсаулық

ЖРВИ-мен науқастанғандар саны  күрт өсті

С. Насырованың айтуынша,  зертханалық әдістермен расталған тұмаудың 61,7 % тұмаудың А түрі және 38,3% В түрі

Күз басталып, күн суыта бастаған  эпидемиологиялық маусымда Батыс Қазақстан өңіріндегі 27531 тұрғын  жедел респираторлы вирустық инфекциямен науқастануда.

Бұл  100 мың халыққа шаққанда 4334,7 құрап отыр. Ал 14 жасқа дейінгі ауырған балалар 69,4% құрауда.  Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидқадағалау бөлімінің бас маманы С. Насырованың айтуынша,  зертханалық әдістермен расталған тұмаудың 61,7 % тұмаудың А түрі және 38,3% В түрі тұмауға қарсы екпе алмаған тұрғындар арасында анықталған.  Маманның мәліметінше, тұмаудың алдын алу шарасы – вакцинация екен.

Алдағы 2017-2018 жылдардағы эпидкезеңге жергілікті бюджеттен қауіпті топқа және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша тұмауға қарсы екпе жүргізуге 52,2 млн. теңгені құрайтын 60 мың доза вакцина алынған. Тұмауға қарсы ақылы екпені «Талап» ААҚ, «Медикер» ЖШС, «Интертич» және орталық аудандық ауруханаларының екпе кабинеттерінде жүргізеді. Вакцинациядан басқа  тұмаудан қорғанудың тағы бір тәсілі ол – арнамалы емес профилактика екен. Арнамалы емес профилактика организмнің өзінің қорғаныш күштерін нығайтуға бағытталған және вакцинациялаумен бір уақытта жүргізуге болады. Арнамалы емес профилактика ретінде иммундық түзетуші препараттар яғни анаферон, интерферон, виферон және оксалин, антивир  секілді  вирусқа қарсы жақпамайлар қолданылады.

Сала маманы халық көп жиналатын жерлерде, сондай-ақ науқасқа күтім жасаған кезде науқас адам да, дені сау адам да бетперде киюі қажеттігін айтады. Респираторлы вирус профилактикасының маңызды әдістерінің бірі ауырған кезде немесе науқасқа күтім жасағанда қолды сабынмен немесе дезинфекциялық сулықтарды пайдаланып, жиі жуу болып табылады.

ЖРВИ өзінің  асқынуларымен қауіпті, сондықтан респираторлық аурулардың бірінші белгілері пайда болған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, тез арада дәрігерге барған жөн.

Гүлім АҚАП,

Батыс Қазақстан облысы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір