Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов үндеу жариялады

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов үндеу жариялады
ⒸAtameken Business Channel

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асанов заңгерлер қауымына үндеу жариялады. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Судья – абыройлы лауазым. Кез-келген заңгердің ең биік шыңы. Бұл жай ғана қабілет емес, сонымен қатар айрықша бедел, әрбір шешім үшін жауаптылықты, әділеттілік пен заңдылықты жоғары деңгейде сезіне білу. Ойшылдар судьяны «сөйлейтін заң» деп жайдан-жай айтпаса керек.

Біздің қоғамда судьялар – билер соты дәстүрін жалғастырушылар. Олар ар-ожданның, әділдіктің, шешендік өнердің, терең білім мен басқа да қасиеттердің эталонына айналды. Ұлы даланың мызғымас абыройы мен сеніміне ие болды. Қазақ хандығының өркендеу дәуірі Әйтеке, Қазыбек және Төле билердің есімдерімен байланысты болуы тегіннен-тегін емес.

Бүгінде Мемлекет басшысының тапсырмасымен республикада сот жүйесін жаңғырту жүргізілуде. Оның ең маңызды міндетінің бірі - судьяларды іріктеу жүйесін жолға қою. Судьялық қызметке ең лайықтылар мен дайындығы мықты үміткерлер ғана келуі тиіс. Ол үшін күрделі және, ең бастысы, ашық конкурс қажет. Жоғарғы Соттың бірінші басым бағдарламасы «МІНСІЗ СУДЬЯ» деп аталуы да сондықтан.

Біз судьяларды іріктеу мен олардың карьералық өсу жүйесін жетілдірудің кешенді шараларын пысықтаудамыз. Бұл жұмыс Жоғары Сот Кеңесімен бірге жүргізілуде.

Осы орайда сот біліміне ерекше назар аударылып отыр. Бұл – сот билігін жақсарту мен жаңа заманғы судьяларды даярлаудың шешуші факторы. Осы міндетті Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігі академиясы толығымен орындап келеді. Академия шетелдік озық тәжірибе негізінде құрылған. Бүгінгі күні ол – оқыту бағдарламасы сот жүйесінің нақты сұраныстарын ескеретін еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны.

Сот төрелігі академиясының түлектері басқаларға қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие.

Оның себебі мынадай:

Біріншісі. Болашақ судьяларды Жоғарғы Соттың судьялары мен жетекші сарапшылар оқытады. Оқу барысында судьялардың күнделікті жұмысындағы мысалдар кеңінен қолданылады. Шетелдік, соның ішінде үздік құқық мектептеріндегі тәжірибеге ерекше назар аударылады.

Екіншісі – практикалық машық: оқыту мерзімінің 60%-ы сот органдарында тәжірибеден өтуге арналған.

Үшіншісі – шыншылдық, адалдық, бейтараптылық сияқты жеке қасиеттерді дамыту. Өзін-өзі жетілдіре білу. Тұлғалық даму бойынша үздік бағдарламаларды қолдану. Академияда бұған аса мән беріледі.

Іріктеу сапасын арттыру мақсатында магистранттарды қабылдау тәртібі өзгертілді.

Емтиханның бірі – құқық салалары бойынша нақты кейстерді шешу.

Бұдан кейін эссе жазылады. Үміткер өзі жайлы, өзінің еңбек жолы және не үшін Академия магистранты болғысы келетіні туралы әңгімелеп беруі тиіс.

Қажетті ұпай жинаған әрбір үміткердің кәсіби қасиеттерін анықтау үшін өзім және Жоғары Соттың басқа да өкілдері олармен әңгімелесу өткіземіз.

Академияны қаржыландыру ережесіне сәйкес үміткерлер мемлекеттік қызметші болуы тиіс екендігін бірден атап өткім келеді. Оқу кезінде олардың еңбек өтілі мен жалақысы сақталады. Сонымен қатар судьялыққа үміткерлердің заңгерлік жұмыс өтіліне қатысты қойылатын заң талаптары бар.

Егер жігерлі болсаңыз, алдыңызға мақсат қойып, соған ұмтылсаңыз және өз өміріңізді заң мен қоғамға қызмет етуге арнаймын десеңіз, онда Сізді Сот төрелігі академиясының магистратурасына шақырамын. Бұл оқу орнында судья болу үшін қажетті білім мен қабілетке ие боласыз.

Қабылдау барынша объективті түрде өтеді. Мен комиссияның жұмысы ашық, әділ болатынына кепілдік беремін. Академияға ең лайықтылар ғана түседі.

Біз Қазақстанның соттарында үздіктердің үздігі жұмыс жасағанын қалаймыз! Солардың бірі болыңыз! Еліміздің дамуына өз үлесіңізді қосыңыз! Сізді күтеміз!

Жоғарғы Соттың

Төрағасы                                                                                                                     Ж. Асанов

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Батыс Қазақстан облысында отбасылық және гендерлік саясатты жүзеге асырудағы азаматтық қоғамның рөлін талқылады
    16/07 18:15 0 541
    2
    Алматыда белгілі саясаттанушы Айдос Сарыммен кездесу өтті
    16/07 16:52 0 306
    3
    Заң шықты: Ауылдағы қазақ баласының оқуға түсуі енді мұңға айналады
    16/07 16:51 0 792
    Емшіден зорлық көрген әйелдің тартқан азабы, көрген қорлығы баяндалған хат
    16/07 16:17 1 2625
    Атырауда жылжымайтын мүлік нарығында бағаның төмендеуі болжамдалуда
    16/07 16:15 0 244

    Таныстырылғандар

    «Қарындастан айырылған жаман екен...»
    «Қарындастан айырылған жаман екен...»
    «Қарындастан айырылған жаман екен...»
    Қазақ қыздарының қытайға тиіп жатқан оқиғаларына орай
    25/06/2018 09:36 0 3595
    Назарбаевтармен құда болған Шайжүнісовтер жайында не білеміз?
    Назарбаевтармен құда болған Шайжүнісовтер жайында не білеміз?
    Назарбаевтармен құда болған Шайжүнісовтер жайында не білеміз?
    Нұрсұлтан Назарбаев 23 маусымда Қазақстанға белгілі Шайжүнісовтермен құда болды.
    25/06/2018 15:35 1 24808
    Сүйіктісіне тосын сый жасамақ болған қытай жігіті қонақ үйді өртеді
    Сүйіктісіне тосын сый жасамақ болған қытай жігіті қонақ үйді өртеді
    Сүйіктісіне тосын сый жасамақ болған қытай жігіті қонақ үйді өртеді
    Қытайдағы Хучжоу қалалық округінің өрт сөндірушілері сегіз шамның бірі құлап кеткен деп болжайды.
    26/06/2018 18:20 1 1518
    Байқоңырда әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды
    Байқоңырда әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды
    Байқоңырда әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды
    Мұндай әдіс қызметтік ақпараттың жойылып кетуінің алдын алып, еңбек тәртібін нығайтады.
    02/07/2018 09:35 0 734
    Шымкентте ер адам 11 жастағы баланы зорлады: полиция пікір білдірді
    Шымкентте ер адам 11 жастағы баланы зорлады: полиция пікір білдірді
    Шымкентте ер адам 11 жастағы баланы зорлады: полиция пікір білдірді
    Видеодан ер адамның баланы подъезге кіргізіп, артынша баспалдақтың артына тығылып қалғанын байқаймыз.
    02/07/2018 11:47 0 11877
    Бес айдың ішінде 40 мың адам елден кетті
    Бес айдың ішінде 40 мың адам елден кетті
    Бес айдың ішінде 40 мың адам елден кетті
    Шет елге шығу үшін рәсімделген құжаттардың көбі Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар және Алматы облыстарында тіркелген.
    03/07/2018 09:59 0 2547
    Назарбаев балалық шағы мен анасын еске алды (видео)
    Назарбаев балалық шағы мен анасын еске алды (видео)
    Назарбаев балалық шағы мен анасын еске алды (видео)
    Ақорданың Instagram-дағы парақшасы Назарбаевтың балалық шағын еске алған сәтінің видеосын жариялады.
    03/07/2018 11:17 17 3053
    "Instagram-ның кесірі". Тележұлдыздың өлімі жайлы психолог айтып берді
    "Instagram-ның кесірі". Тележұлдыздың өлімі жайлы психолог айтып берді
    "Instagram-ның кесірі". Тележұлдыздың өлімі жайлы психолог айтып берді
    Британдық медицина Instagram-ды адамның психикасына әсер ететін ең сорақы әлеуметтік желі деп санайды
    03/07/2018 17:10 0 1534
    Байбек не деп жауап қатады? (видео)
    Байбек не деп жауап қатады? (видео)
    Байбек не деп жауап қатады? (видео)
    "Нұр Отан" партиясы жастар мәслихатының басшысы Ерғазы Әзімханұлы Астана және Шымкент әкімдерімен ерекше видео ролик түсірді.
    05/07/2018 09:58 0 1134
    Қытайға қызын берген әке: Алдымда таңдау тұрды...
    Қытайға қызын берген әке: Алдымда таңдау тұрды...
    Қытайға қызын берген әке: Алдымда таңдау тұрды...
    Әкесінің айтуынша, қызын Қытай азаматына беруге туыстары мен жақындары әу баста қарсы болған.
    05/07/2018 12:39 7 16853
    Сәбидің денесінен бірнеше ине табылды
    Сәбидің денесінен бірнеше ине табылды
    Сәбидің денесінен бірнеше ине табылды
    баласының аузынан ине алып шыққан ананың есі шығып, сәбиін 28 маусымда Душанбедегі «Караболо» медициналық орталығына апарады.
    06/07/2018 13:49 0 999
    Астанада жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді (кесте)
    Астанада жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді (кесте)
    Астанада жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді (кесте)
    Бүгінде Астана тұрғындарының жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз.
    11/07/2018 15:12 0 258
    "Қарындасым" деп жүріп қырындайтындар көбейіп барады
    "Қарындасым" деп жүріп қырындайтындар көбейіп барады
    "Қарындасым" деп жүріп қырындайтындар көбейіп барады
    «Аға» деп аңқылдап тұрған бойжеткенге өмірде неше түрлі аға кездеседі
    11/07/2018 16:48 1 6751
    Желіде шешінгендер - "батыр",  ұяты барлар - "екіжүзділер"
    Желіде шешінгендер - "батыр", ұяты барлар - "екіжүзділер"
    Желіде шешінгендер - "батыр", ұяты барлар - "екіжүзділер"
    Қазіргі кезде смартфон, интернеттің шырмауынан аман қалу тек – білім алу, кітап оқу, ұлттық тәрбиені бойға сіңіру.
    12/07/2018 17:33 0 2568
    Дерті асқынып, дәрмені таусылған Айнұрдың рухы күннен -күнге күшейіп келеді
    Дерті асқынып, дәрмені таусылған Айнұрдың рухы күннен -күнге күшейіп келеді
    Дерті асқынып, дәрмені таусылған Айнұрдың рухы күннен -күнге күшейіп келеді
    «Берілме, бірге жеңеміз» деді күйеуі, «Анашым, сен жанымызға ораласың» деді балалары, «Мен өмір сүремін» деді Айнұр.
    13/07/2018 18:28 1 34181