• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 19:41:44
Алматы
+35°

05 Шілде, 2018 Әлеумет

Жоғалған продюсерге қатысты қоңыраулар жиі түседі, бірақ нәтиже жоқ

«Балгерлер мен көріпкелдер де хабарласып, анаммен байланысы жоқ дүниелерді айтады», - деді Камилла.

«Томирис» фильмінің продюсерінің із-түссіз жоғалғанына үш күн болды. Жоғалып кеткен Анна Чакиртованың қызы Камила Нұғманованың айтуынша, кешелі бері 15 мәрте түрлі нөмірлер хабарласып продюсерді көргендері айтып жатыр.

«Олардың көбі ерігіп жүргендер. Мәселен, бүгін бір нөмір хабарласып анамды Арбат бойынан жас гитаристердің жанынан көріп қалғанын айтты. «Оның жасы 42-де. Жастардың арасында жүрген анам екеніне сенімдісіз бе?» деп сұрасам, қателесіп кеткенін айтып, тұтқаны қоя салады. Мұндай қоңыраулар тым көп», - деді қызы.

Тіпті, көріпкелдер де хабарласатын көрінеді.

«Балгерлер мен көріпкелдер де хабарласып, анаммен байланысы жоқ дүниелерді айтады», - деді Камилла.

Айта кетейік, үш күн бұрын Алматыда «Томирис» фильмінің продюсері Анна Чакиртова жоғалып кетті.

Әйелдің жақындарының сөзінше, Чакиртова 2 шілде күні кешкі сағат 21.20-да үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған

«Сол күні сағат 20.00 шамасында кеңседен шығып, үйге кеткен. Жолда дәрі-дәрмек алу үшін дәріханаға кірді. Ары қарай үйге барды. Біздің екі баламыз бар – ұлымыз 1997 жылғы, ал қызымыз 1999 жылғы. Ұлды дүкенге жіберіп, өзі үйде қалған. Ұлым қайтып келсе, әйелім жоқ екен. Ұялы телефонын телефон қуаттағышқа қойып, үйде тастап кеткен. Ол жауапкершілігі бар адам, ескертпей ешқайда кетпейтін, бізге әр қадамын айтып жүретін», - деді күйеуі Мұрат Нұғманов.

Күйеуінің айтуынша, дәріханадағы бақылау камерасынан Аннаның соңығ рет қандай киімде болғаны көрініп тұр. Продюсердің туыстары Аннаны көріп қалған жағдайда мына нөмірлерге хабарласуды сұрайды: +7 707 272 0945.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір