• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:23:19
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 Оқиғалар

«Жоғал әрі» немесе қырғыздың жаңа көшбасшысы туралы 10 дерек

Қырғызстанда өткен президент сайлауының нәтижесі бүгін белгілі болып, Сооронбай Жээнбеков жеңіске жеткен болатын.

Қырғызстанда өткен президент сайлауының нәтижесі бүгін белгілі болып, Сооронбай Жээнбеков жеңіске жеткен болатын. Qamshy.kz ақпарат агенттігі «Sputnik Кыргызстан»  сайтының мәліметіне сүйеніп Қырғызстанның жаңа көшбасшысы туралы 10 деректі оқырман назарына ұсынады. 

  1. Ол өз сұхбатарының бірінде «Алладан басқа ешкімге сенбейтінін» айтқан.
  2. Ол өз мансабын мектепте мұғалім болып бастаған.
  3. Ол Қырғыз ССР-і Жоғары кеңесі төрағасы және Қырғыз ССР коммунистік партиясы орталық комитетінің төрағасы  Әбсәмат Масалиевті өз идеалы ретінде санайды.
  4. Ол 10 балалы отбасында дүниеге келген. Оның ағаларының барлығы елге еңбек сіңірген тұлғалар болып табылады. Бірі Жалал-Абад экономика және кәсіпкерлік университетінің президенті, профессор және ғылым докторы болса, екінші, Жүсіпбек есімді ағасы Кувейте елшілікте қызмет атқарады. Ал Асылбек есімді бауыры парламент спикері болған. Осыдан біраз уақыт бұрын қайтыс болған Искендер Жиенбеков 28 жасында Ош облысының прокуроры атанған белді маман ретінде танымал.
  5. 2010 жылғы 7 сәуір күні болған елдің жаппай митингі кезінде ағайындылар мансабы мен өз басын қатерге тігіп, Ош облысында өткен митингіге қатысқан.
  6. Сооронбай Жиенбеков Жоғарғы кеңес депутаттығына бірнеше мәрте сайланған. Халық қалаулылары жиналысында аграрлық мәселелер жөніндегі комитетке басшылық еткен.
  7. Ол өз отбасын елге көрсетпейді. Аға-інілерінен басқа, оның екі әпкесі бар.
  8. 2016 жылғы сәуір айында Жиенбековты Министрлер кабинетінің басшысы қызметіне тағайындап жатқанда, ол «премьер-министр болу тіпті түсіне де кірмегенін», — айтқан.
  9. Ауыл шаруашылығы министрі болған кезінде ол шаруаларға үкіметке сенбей, өз күшіне иек арту керектігін ескертіпті.
  10. Оның Мемлекеттік сәулет және құрылыс агенттігі директорының орынбасары Алмазбек Әбдіқадірге айтқан «Чык эшикке!», ―  деген сөзі ел назарын өзіне аударып, әлеуметтік желілерде түрлі карикатуралардың пайда болуына себеп болған. «Чык эшикке» деген сөз «Жоғал әрі» деп аударылады.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір