• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:55:58
Алматы
+35°

07 Желтоқсан, 2017

«Жыл таңдауы-2017» фестиваліне 91 тобы қатыса ма?

91 тобы қатысады екен деп бас тартқан бірнеше өнерпаз бар.

«Жыл таңдауы» фестиваліне қатысуына қарсылық білдіріп жатыр. Себебі елімізге танымал әншілер 91 тобымен бір сахнада өнер көрсеткісі келмеген деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.  Бұл туралы музыкалық кешті ұйымдастырушы продюсер Жан Мұқанов MuzZone арнасына айтып берді.

Бұл үлкен фестиваль. Баса мән берілетін нәрсе – ән. Ел арасында танылып кеткен хит әндерді әншілер жанды дауыста орындайтын болады”, – деген продюсер кей әншілердің аталған кешке қатыспайтынын айтып қалды. Айтуынша, елімізге танымал өнер иелері 91 тобымен бір сахнада тұрғысы келмеген.

«Осы әншілер қатысады екен деп бас тартқан бірнеше өнерпаз бар. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Шашын бояп, сырға тақты деп айыптайды. Қазақпыз, ол рас. Бірақ бұл жерде барлығы әртіс, ал ол бар болғаны сахналық образ», – дейді продюсер.

Сөз соңында Жан Мұқан «Жыл таңдауы-2017» фестиваліне 91 тобы қатысатынын айтты.

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір