• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:27:38
Алматы
+35°

14 Қараша, 2017 Спорт

Жыл спортшысы атанған кім? (Фото)

Кəсіпқой рингте 25 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен, оның 20-сын нокаутпен ұтқан ұлтымыздың мақтанышы.

Қанат Ислам қазақстандық «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшысы атанды, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме беріп жазады. Бұл туралы Қанат Исламның PR-менеджері Берік Сұлтан Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

inform.kz

«Қанат Ислам «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жыл спортшысы атанды. Кəсіпқой рингте 25 кездесу өткізіп барлығында жеңіске жеткен, оның 20-сын нокаутпен ұтқан ұлтымыздың мақтанышы, WBA intercontinental, WBO NABO чемпиондық белбеуінің иегері Қанат Ислам «Қазақстандағы №1 жыл таңдауы» - «Алтын адам» сыйлығының лауреаты жəне «Жыл спортшысы» атанды», - дейді Берік Сұлтан.

inform.kz

Еске сала кетейік, бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін Астана қаласында Брэндон Кукке қарсы өткізіп, 9-шы раундта техникалық нокаутпен жеңіске жеткен болатын. Сөйтіп отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO, NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін қорғап қалды.

inform.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір