• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:35:10
Алматы
+35°

21 Қараша, 2017 Әлеумет

Жыл соңына дейін Өзбекстан мен Қазақстан арасына автобус қатынайды

Құжат көлік коммуникациялары саласында өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету мақсатында қабылданды.

Өзбекстан мен Қазақстан Республикасы үкіметтері арасындағы Халықаралық автомобиль тасымалы Келісіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама күшіне енді. Бұл туралы Өзбекстан СІМ хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Хаттама тұрақты және тұрақсыз халықаралық жолаушылар тасымалының жүйелі және жүйесіз нормасы енген үкiметаралық келiсiмнiң көлемiн кеңейтедi», - делінген хабарламада.

Құжат көлік коммуникациялары саласында өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету мақсатында қабылданды, сондай-ақ екі ел арасындағы жолаушылардың халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін өзара тиімді құқықтық шарттар жасау көзделді.

Бұдан бұрын ҚР инвестиция және даму министрлігі екі мемлекет арасында жолаушыларға арналған автобустық тасымалдың жоғын айтқан. Ал үкіметаралық келісімге өзгертулер енгізу жүзеге асса, екі елдің ірі қалалары арасында тұрақты түрде автобустар жүріп тұратын болады. Әр тасымалдаушы 5 жыл көлемінде белгілі бір маршрутта жұмыс істей алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір