• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:36:00
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Жыл басынан бері 98 апатты үй тұрғындары жаңа пәтерлерге көшірілді

Қазір сүріліп жатқан 228 апатты үйден бөлек, қосымша тағы 82 апатты жатақ тектес үйлер сүрілуге жатқызылды

Астана қаласы әкімдігінің апатты үйлерді сүріп тастау бойынша пилоттық жобасы сәтті жүзеге асырылуда. Жыл басынан бері 98 апатты үйдің тұрғындары жаңа үйлерге көшті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Астана қаласы тұрғын үй басқармасының ақпараты бойынша 2013-2016 жылдар аралығында 117 апатты үй сүріліп, 1570 отбасы жаңа үйге көшкен.

«Осы жылы 111 апатты үйден, 1863 отбасыны көшіру жоспарланған, сонымен қатар, қазіргі кезде 98 апатты үйден 1425 отбасыны жаңа үйлерге көшіру аяқталуда. Беріліп жатқан үйлер мына мекенжайлар бойынша Астана қаласы, «Есіл» ауданы Е 16 көшесі, № 2,4,6 үйлер және Құтпанов көшесі 28 үй», деп хабарлады басқарма.

Қазіргі таңда қалған 13 апатты үйден 404 отбасыны көшіру үшін пәтерлерді тапсыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сүрілген апатты үйлердің орнына саябақ, алаң, спорттық алаңдар салу жоспарланған.

Ал, сүрілген ескі үйлердің кей орындарына егер инженерлік коммуникациялар толық тартылған болса «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты тұрғын үй кешенін салу жоспарланған (Құтпанов-Алтынемел, Шынтас, Республика мен Мәскеу).

Мекеменің хабарлауынша, қазір сүріліп жатқан 228 апатты үйден бөлек, қосымша тағы 82 апатты жатақ тектес үйлер сүрілуге жатқызылды.

Естеріңізге сала кетейік, апатты-ескі үйлерді сүріп тастау бойынша пилоттық жоба алғаш рет елордада ТМД елдері арасында өткізілуде.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір