• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:03:19
Алматы
+35°

24 Сәуір, 2018 Аймақтар

Жезқазған қаласының орталығында автокөлік жанып кетті

Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқиға куәгерлері автокөліктің жанып жатқан суреттерін жариялаған болатын.

Жезқазған қаласының орталығында Tоyota маркалы автокөлік  жанып кетті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат мәліметіне сүйеніп.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жезқазған қаласының Алашахан даңғылында Tоyota маркалы автокөлік өртенген.

Оқиға дүйсенбіде күндіз болған. Өрттің жалпы аумағы 6 шаршы метрді құрады. Өрттің алдын алуға 11 адам мен 3 техника жұмылдырылды.

— Өртті 10:53-те өшірдік. Оқиғаның алдын ала себебі анықталып жатыр, - деді облыстық ТЖД өкілдері.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқиға куәгерлері автокөліктің жанып жатқан суреттерін жариялаған болатын.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір