• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:36:04
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 NEWS

Жезөкшелікпен айналысатын ер адам: Олар мені көлікке қамады

Оның клиенттерінің көпшілігі 35 пен 85 жас аралығында. Қызмет көрсету тізімдерінде массаж, жыныстық қатынас пен бір түнді бірге өткізу кіреді.

Ұлыбританияда шамамен 100 мың секс-қызметкерлер жұмыс істейді және оның 20%-ы ер адамдар. Кейбірі бұл қызметтке өз еркімен келсе, енді біреулер үшін бұл жалғыз күн көріс пен ақша табу тәсілі.

BBC агенттігі осындай жезөкшелікпен айналысатын  ер адамдардың өмірі мен қызметі туралы жазады.

Дэниел 10 жыл бұрын университетін тастап, жезөкшілікпен айналыса бастаған.  Енді міне бұл оның негізігі табыс көзіне айналған.

Дэниел

"Көбінесе, жалғыз басты ер адамдарға қызмет көрсетемін, олардың арасында істеп жүргенін жасырғысы келетін отбасылы ер адамдар да бар"-дедйі ол.

Дэниелдің айтуынша, оның клиенттері көпшілігі 35 пен 85 жас аралығындағы адамдар. Оның қызмет көрсету тізімдеріне массаж, жыныстық қатынас пен бір түнді бірге өткізу кіреді. Өз қызметтерін ол интернет және арнайы бағдарламалар арқылы жарнамалайды.

Шындығына келгенде, Дэниелдің жұмысы заңды болып есептеледі екен. Англия, Шотландия, Уэльсте жыныстық қатынас өз еркінен тыс болса ғана заңсыз болып табылады. Сонымен бірге, көшеде өзін сату мен жезөкшелікпен айналысатын арнайы ұйымдар құру заңсыз болып есептеледі.

Жезөкшелікпен айналысатын 80%  ер адам өздерінің қызметтерін интернет арқылы жарнамалайды. Дэниел үшін де бұл тәсіл ең тиімді болып табылады.

Ер адамдарға осындай жағдайларда қолдау көрсететін және қауіпсіздіктеріне жәрдем беретін арнайы ұйымның қызметкері Хейли Спидтің айтуы бойынша, секс-қызметкерлердің көпшілігі жөзекшелікпен 14-15 жастан бастап айналыса бастаған.

«Бұл салада балаларды да, ересектерді де өз еркінен тыс жезөкшелікпен айналысуға итермелейді. Алайда бұл секс-қызмет емес, балаларды экплуатациялау».

Beyond the Gaze ұйымы жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, секс-индустрия саласында жұмыс істейтін ер адам дардың 12%-ы соңғы бес жылда зорлыққа ұшыраған. Және олардың 70%-ы болған жағдай туралы полицияға хабарламаған.

Ал, Тайлер есімді жігіт бұл қызметке аяқ асты тап болған. Оның ата-анасы ұлдарының гей екенін білген соң, одан бас тартқан. Амалы таусылған ол өз туған жерін тастап, үйсіз, ақшасыз қалған. Арада бір апта өткенс соң жезөкшелікпен айналысып кеткен. «Бәрі күніне бір-екі адам қабылдағаннан басталды»-дейді Тайлер.

Кейде клиенттер төлегісі келмей мені көлікке қамап қойған кездер де болған дейді жігіт. Тіпті қонақүйлердің бірінде оны зорлап та кеткен екен. «Мен келгенде онда бір ғана адам болған. Алайда ол менің сусыныма әлдене септі, мен есімнен танып қалдым. Есімді жиғанда қасымда  төрт еркек болды»-дейді ол.

   Қазір Тайлердің жаңа жұмысы бар. Алайда ол жезөкшелікпен айналысуды әлі де тастамаған.

Қазіргі кезде жезөкшелікпен айналысатын ер адамдардың зорлыққа ұшырауы мәселесіне байланысты арнайы қор мен ұйымдар айналысып, олардың құқықтарын қорғайды екен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір