• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 18:06:36
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2018 NEWS

Жетісуға келетін туристер саны биыл 2 миллионға жетеді — Амандық Баталов

Теміржол қатынасы ұйымдастырылып, Үшарал қаласында әуежай салынды, темір жол вокзалының құрылысы басталды.

Өткен жылы Алматы облысына келген туристер саны 1,5 млн адам болса, соның ішінде 750 мыңнан астам адам Алакөлдің үлесінде. Демалуға Жетісуды қолайлы көретіндердің саны биыл 2 миллионға жетеді деп межеленіп отыр. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов тұрғындармен болған есепті кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп.

Туризмде іргелі мақсаттарға қол жеткізу үшін биылғы жылы екі ірі жоба қолға алынған. Олар – Алакөл көлі жағалауында инвестиция көлемі 10 млрд теңге болатын «Феникс» ЖШС-ның демалыс аймағы, сонымен қатар Еңбекшіқазақ ауданында жобалық қуатына сай күніне 5 мың адамды қабылай алатын «Есік» тау шаңғы курорты, жобаның құны — 64 млрд теңге.

Айта кетсек, Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджеттен 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Теміржол қатынасы ұйымдастырылып, Үшарал қаласында әуежай салынды, темір жол вокзалының құрылысы басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір