• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:17:31
Алматы
+35°

08 Желтоқсан, 2017 Аймақтар

Жетісу ауданында бір бағыттық көлік қозғалысы енгізіледі

Бұл ша­ра қарбалас сағаттарда аумақты авто­кө­ліктен арылту мақсатында жасалып отыр.

Ертеңнен бастап Жетісу ауда­нының әкімдігі мен қалалық ІІД-нің Жол полициясы басқармасы бірлесе отырып, аудан тұрғындарының өті­ніш беруіне байланысты Геоло­гов, Лисаковская және Шели­хов көше­лері бойында бір бағыттық көлік қозғалысын енгізеді.

Соған орай Лисаковская мен Шелихов көшелеріндегі қозғалыс кестесіне мына тәртіпте өзгерістер енеді: Рысқұлов даңғы­лынан шығыс бағыттағы Шелихов көше­сіне қарай оңға бұрылуға тыйым салынады және Лисаковская көшесінде батыс бағыт­қа қарай бір бағыттық тәртіп орнайды. Бұл ретте Лисаковская көшесіне тек Рысқұлов даңғылынан түсіп баруға болады.

Сол секілді, Геологов көшесінде де дәл осындай жағдай болады. Онда бір бағыттық қозғалыс Бірінші мамыр мұнай базасы көшесінен басталып, «Көкжиек» ықшым­ауданындағы бұрылысқа дейін созылады. Соған орай Алматы облысының аумағынан кірген барлық автокөліктер Солтүстік жар­ты айналым көшесіне өту үшін тек қана Бірінші мамыр мұнай базасы көшесімен ғана жүруге мәжбүр болады. Өйткені, бұл ша­ра қарбалас сағаттарда аумақты авто­кө­ліктен арылту мақсатында жасалып отыр.

Жол белгілері орнатылғаннан кейінгі алғашқы кездері жол патруль полициясы қызметкерлері тарапынан жолда жүру тәртібін бұзған жүргізушілерге ауызша ескерту берумен ғана шектелетін шара қолданылатын болады.

Бауыржан Байбек сингапурлықтармен кездесуде Алматыда ауқымды көлік реформасы жүзеге асырып жатқанын, алдағы уақытта Сингапурдың көлік саласындағы тәжірибесін пайдаланатынын айтқан.

«Алматы көшелерін күн сайын 700 мыңнан астам көлік жүріп өтеді, соның салдарынан қала трафигіне қысым жасалуда. Біз қоғамдық көлікке ерекше  назар аударамыз. Жыл аяғына дейін қала автобус паркінің үштен бірі жаңарады, ЖРК жобасына дайындықтар жасалуда, БРТ дәлізі құрылады, метро құрылысы жалғасады, автобустарға арналған арнайы жолақтар ұзындығы 100 шақырымға дейін жетеді. Көлік тұрақтары қолға алынып, велоинфрақұрылым, жаяу жүргінші аймақтары пайда болуда», - деді Бауыржан Байбек.   

Сонымен қатар, Алматы делегациясы Сингапурдың стратегиялық жоспарлау және қала құрылысын бақылау жөніндегі агенттігінің жұмыс тәжірибесіне жете мән берді.

«Бүгінгі күні біз «Алматы-2020» бағдарламасын жүзеге асырудамыз, оның басты бағыты экология, транспорт реформасы, денсаулық сақтау, қауіпсіздік және инфрақұрылымды дамыту. Қаланың экономикалық әлеуетін арттыратын шеберлік жоспарын да жасадық. Технология үнемі өзгереді, сондықтан біз қала тұрғындарының өмірін жақсартатын жобаларды енгізетін боламыз», - деп атап өтті әкім.

Бауыржан Байбектің жұмыс сапарының қорытындысы бойынша шетелдік серіктестер үшін бағдарламалар мен шешімдер дайындайтын «Singapore Cooperation Enterprise» мемлекеттік агенттік Алматыға смарт-технологияны енгізуге, қала құрылымын тиімді жоспарлауға және шеберлік жоспарларды жасауға көмектесетін болады.

Осы ретте Алматыны дамыту орталығы, Алматы қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы мен «Singapore Cooperation Enterprise» арасында жасалған тиісті меморандумға қол қойылды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір