• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 23:25:29
Алматы
+35°

 Жетімдер үйінде бірнеше жыл бойы балалар зорланып келгені туралы ақпарат келіп түскеннен кейін Челябинск облысының тергеушілері қылмыстық іс қозғады.

Тергеу комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Челябинск облысының тұрғыны «14-ке толмаған баланы зорлады» деген айыппен қамауға алынды.

Аталмыш қылмыстық іс бойынша жеті адам жәбірленуші ретінде тіркелді. «Өз жұмысына немқұрайлы қарады» деген айыппен жетімдер үйінің қызметкерлері жауапқа тартылуы мүмкін. 

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, жетімдер үйі Челябинсктен 40  шақырым жерде орналасқан. Онда интеллектуалдық деңгейінде ақауы бар балалар тәрбиеленеді.

Жетім балалардың бірнеше жыл бойы зорланып келгені туралы ақпарат БАҚ-та жарияланғанда бірнеше ана Челябинсктегі балалар үйінен асырап алған балалардың зорлық-зомбылық көргенін журналистерге айтып берді.

- Баламның жазда қалай зорланғанын естігенде төбе шашым тік тұрды. Сене алмадым, - дейді 14 жастағы баланы асырап алған жергілікті тұрғын "АиФ-Челябинск" басылымына.

Тағы бірнеше ана асырып алған балаларының зорлық көргенін және оларды балық аулаймыз деп көлге алдап апарып, зорлық көрсетіп, соққыға жыққанын айтып берді.

Тергеушілер зорлау айыбы бойынша қамауға алынған күдіктінің есімін құпияда сақтап отыр. Оның жасы  51-де екені ғана белгілі.

Ата-аналар жетімдер үйінің қызметкерлерін де жауапқа тарту керек екенін айтады.

- Мен балалардың зорлық көрмегеніне 200% сенімдімін, - дейді мекеме басшысы.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, интернат аймағына кіру оңай. Дарбаза үнемі ашық  тұратынын айтады.

Жетімдер үйінде тексеру жүргізілді. Соның нәтижесінде, бірнеше заң бұзушылық тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тергеушілер зорланғандар мен осы іске қатысты айыптылардың саны артуы мүмкін екенін жасырмайды. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір