• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 16:34:43
Алматы
+35°

05 Желтоқсан, 2017 Әлеумет

Жергілікті әскери басқару органдарында жұмылдыру әзірлігі басталды

Жауынгерлік әзірлік іс-шаралары барлық елдің Қарулы Күштерінде өтіп жатыр.

Алматы қаласы жергілікті әскери басқару органдарында жауынгерлік әзірлік апталығы басталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Сонымен бірге жауынгерлік әзірлік іс-шаралары барлық елдің Қарулы Күштерінде өтіп жатыр. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде 2017 жылғы 4 желтоқсан мен 9 желтоқсан аралығында әскерлердің жауынгерлік әзірлік мәселелері бойынша тактикалық-саптық сабақ өткізілмек.

Бұл сабақтың мақсаты - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарымен, жергілікті әскери басқару органдарымен, әскери бөлімдермен өзара тығыз әерекет етуді қолдау, Қарулы Күштерін хабарлау жүйесін тексеру, тағайындау бойынша тапсырмаларды орындау және жоғары деңгейлі жауынгерлік әзірлікке келтіру барысында әскерлерді басқару кезінде басқармалар (штабтар) органдарының жауынгерлік әзірлігін арттыру.

2018 жылы әскердің негізгі дайындығы мемлекеттің әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жергілъктіі әскери басқару органдары мен әскерлерді тең деңгейде жауынгерлік пен жұмылдыру әзірліктерін арттыруды көздейді. Жергілікті әскери басқару органдарының негізгі қызметі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскерге шақыру және жұмылдыру ресурстарын жинақтау болып табылады.

Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығының мақсаты Қазақстан Республикасын қарулы қорғау мүдделерінде соғыс уақытында мемлекетті тұрақты басқару, мемлекет экономикасын бейбіт жағдайдан соғыс жағдайы режиміне ұйымдасқан түрде ауыстыруды жүзеге асыру, мемлекеттің әскери ұйымының және ел халқының қажеттіліктерін қамтамасыз ету, жауынгерлік іс-қимылдар мен аумақтық қорғаныс аймақтарында экономика салаларының және әкімшілік-аумақтық бірліктердің жұмыс істеуі болып табылады.

2018 оқу жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде "Ұлы дала әскері - Мәңгілік ел тірегі" деген ұранмен жұмылдыру дайындығы мен жауынгерлік әзірлікті қарсы алмақ

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір