• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 11:21:01
Алматы
+35°

20 Қараша, 2017 Аймақтар

Жер қатынас мәселелері бойынша кезекті отырыс өтті

Жиналыс барысында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  бойынша бірқатар мәселелер талқыланды

Президенттің 2017 жылғы жолдауында "Жыл соңына дейін Жер қойнауы туралы жаңа кодексті қабылдап, салық заңнамаларына қажетті өзгерістер енгізуді тапсырамын", - деген нақты тапсырма көрсетілген. "Жерді пайдалану тиімділігін арттыруға тиіспіз", - деген еді президент.

Жер қатынас мәселелері  бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департамент жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өткізілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

2017 жылдың 16 қарашасында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментмен  Ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысында  жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  мен 2017 жылдың 10 айы бойынша ұсыныстарының орындалуы қарастырылды. 

Жоғарыда аталған сұрақтар бойынша баяндаушылар: Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Шынарай Әлімхан Әлімханқызы, Алматы қаласы жер қатнастары басқармасының басшысы  Алтынбек Ахметов Жанатович және Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Серік Прімбетов Жетпісбайұлы.

Жиналыс барысында жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  бойынша бірқатар мәселелер талқыланды: тұрғындарды мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттандыру жұмыстарының деңгейі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мерзімдерін сақтау, мүмкіндігі шектіулі азаматтарға  мемлекеттік қызметті көрсету кездінде жасалған жағдайлар мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту жағдайлары, арыз бен өтініштердің болуы, заңнамалардың қарамақайшылығы, жер комиссиясы жұмысы және жер қатынастары саласындағы басқа да сұрақтар.

Отырыс соңында Департаментпен және Ведомствоаралық жұмыс тобының мүшерелімен мемлекеттік мекемелерге бірқатар ұсыныстар енгізілді:

Мемлекеттік қызметтерді негізсіз бас тартуды жою, тұрғындарға қызмет көрсетудің сапасын арттыру, мемлекеттік қызметтерді негізсіз бас тартуды жою бойынша іс – әрекеттер қабылдау, Стандарттар мен Регламенттерді қолданыстағы заңнамаларға сәйкестендіру және бекіту, тұрақты түрде қолданыстағы заңнамаларға түсіндірме жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызметтердің көрсету тәртібі, электронды көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру және т.б.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір