• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:59:30
Алматы
+35°

08 Наурыз, 2018 Аймақтар

Жемқорлықпен күрес - ең үлкен белес

2015 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енген «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің талаптары жан-жақты жеткізілді

Бүгін Алматы өңірлік гарнизоны Әскери полиция жасағы   әкімшілік  тәжірибе  және  сыбайлас жемқорлыққа  қарсы әрекет ету  бөлімінің қызметкерлерімен мамыр айына арналған  негізгі іс-шаралар жоспарын іске асыру  құқық бұзушылықты  анықтау, ашу, ескерту және алдын-алу шараларын  орындау мақсатында Алматы қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің әскери қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында Алматы өңірлік  гарнизоны Әскери полиция  жасағы  сыбайлас  жемқорлыққа қарсы әрекет ету  бөлімшесінің офицері аға лейтенант Р.Б.Саурық  2015 жылғы 18 қарашада қабылданған "Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың орындалуын бақылау жөніндегі комиссиялар туралы ережесін және 2017-2018 жылдардағы Қорғаныс министрлігі қатарындағы  сыбайлас жемқорлық фактілерімен ұсталғандар жайлы жеткізді.  Сонымен қатар, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енген «Қазақстан Республикасының  Әкімшілік  құқық бұзушылық  туралы»  кодексінің  талаптары  жан-жақты  жеткізілді.  
Әскери қызметшілер қойған сауалдарына нақты жауаптар алынды.  Осылайша, Алматы қаласының ҚІД бастығының бірінші орынбасары Х.М.Зиннатуллин баршамызды заңға және  әскери жарғыға сәйкес  Қарулы Күштерінің қатарында кіршіксіз қызмет атқаруға шақырды.
 
Қарлығаш Мұсабекқызы
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір