• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:59:15
Алматы
+35°

15 Қаңтар, 2018 Әлеумет

Желіні шулатқан тойдағы торт иелері кімдер?

Шаңырақ көтерген жастар – белгілі кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының қызы Аружан мен Шымкенттің әйгілі олигархы ...

Шымкентте өткен тойдағы ерекше торттың фотосы мен видеосы Интернетті кезіп кетті. Желі қолданушылары кондитерлік өнімнің көлеміне таңдай қағып, тойдың сән-салтанатын қызу талқылады. 21 миллион теңгеге торт жасатқан кім болды екен? Qamshy.kz ақпарат агенттігі ашық дереккөздерден алынған мәліметтерді ұсынады.

Еске сала кететін болсақ, осыдан біраз уақыт бұрын Шымкент қаласында өткен тойдағы торт әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.

Білетіндердің айтуынша, шаңырақ көтерген жастар – белгілі кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының қызы Аружан мен Шымкенттің әйгілі олигархы Серікжан Сейітжановтің немересі Әміржан.

Қалыңдықтың әкесі Қайрат Сатыбалды 1970 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Ол 1990 жылы И.С. Қонаев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін «инженер-механик» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Осыдан соң Қайрат Сатыбалды Түркістан әскери округінің бір бөлімшесінде қызмет етті. Мұнда ол алдымен взводты, кейін ротаны басқарды. 1992 жылы ұлттық қауіпсіздік органдарына келіп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды. Сол аралықта комитеттің жоғарғы курсын бітірді. Қайрат Сатыбалды ҰҚК-да алты жыл қатарынан жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде Абай атындағы мемлекеттік университетте «заңгер-құқықтанушы» мамандығын алып шықты.

1998 жылдың ортасында Қайрат Сатыбалды Астана қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалады. Одан кейінгі жылдары ол «Қазақойл» компаниясының вице-президенті, ҰҚК кадрлары департаментінің директоры,  «Қазақстан теміржолы» компаниясының вице-президенті, «Дүние» корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төреғасы лауазымдарын атқарды.  2010 жылдың мамыр айынан бастап «Нұротан» партиясының хатшысы қызметінде.

2015 жылғы ақпараттарға сүйенсек, Қайрат Сатыбалды «Kaspi Bank» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Әмір ЛТД» ЖШС, «Дүние-Агро» ЖШС, «Дүние» Корпорациясы ЖШС, «Дүние-Күзет» ЖШС және «Alatau Capital Invest» ЖШС акцияларының үлескері екен.

Күйеу жігіттің атасы Серікжан Сейітжанов – Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы Шілік ауылының тумасы. 1971 жылы Қазақ химия-технология интитутын «инженер-құрылысшы (технолог)» мамандығы бойынша аяқтаған. Үйлі-баранды, екі ұлы, бір қызы бар. Еңбек жолын «Шымкентпромстрой» комбинатында трест материалдарының шебері болып бастаған. Кейін цех бастығы, бас инженер, зауыт директоры сияқты басшылық қызметтерге дейін көтерілді . Ол жерде бас-аяғы 16 жыл жұмыс істеді. Осы кезеңде кандидаттық пен докторлықты қорғап, цементті алмастыратын технология ойлап тапты. Сейітжановтың бұл жаңалығы комбинатты ауыр дағдарыстан алып шықты.

Серікжан Сейітжанов 1994 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаты, 2000 жылдардың басында «SAUTS-OIL» мұнай компаниясының президенті болды. 2008 жылы инновациялық цемент зауытын салды. Сол жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бағдарламасы аясында  «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясын жеңіп алғаны үшін «Парыз» алтын мүсіншесін тапсырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір