• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 06:24:27
Алматы
+35°

19 Қараша, 2017 NEWS

Жексенбі, 19 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, тек оңтүстікте, солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі деп жазады Қазгидромет. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20, Жаланашкөл ауданында екпіні 23-28 м/с, түнде тұман күтіледі. Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақмола, түнде Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күші 15-20, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында екпіні 23 м/с күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір