• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 00:25:07
Алматы
+35°

14 Желтоқсан, 2017 NEWS

Жээнбеков пен Мирзияев Бішкек-Ташкент әуе рейсін ашуға уағдаласты

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуінде көлік қатынасы туралы келісімге келгенін хабарлады.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесуінде көлік қатынасы туралы келісімге келгенін хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сүйеніп жазады. 

Президенттер екі ел арасында автобус маршруттары ғана емес, Бішкек - Ташкент және Ташкент - Ош бағытында әуе рейстерін ашуға келісті. "Сұраныс өте жоғары. Біз Бішкек - Ташкент бағытындағы әуе рейстерінің жиілігін екі есеге көбейткіміз келеді" деді Мирзияев.

Өзбекстан президентінің хабарлауынша, темір жол бағыты жөнінде де келісім жасалынған. "Қырғызстанда Ыстықкөл дейтін керемет көл бар. Біздің азаматтарымыз әуе рейстері ашылғанын қалайды, бірақ біз Ыстықкөлге дейін темір жол рейстерін де ашатын болып келістік" деді Шавкат Мирзияев.

Сооронбай Жээнбеков Ташкентке 13 желтоқсанда барды. Бұл - Жээнбековтің Қырғызстан президенті қызметіндегі алғашқы ресми сапары.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір