• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 10:24:42
Алматы
+35°

16 Қазан, 2017 NEWS

Жээнбеков: Біз Қазақстанға құрметпен қараймыз

"Біз ынтымақтастық орнатқан барлық мемлекетке, президентке құрметпен қараймыз".

Қырғызстан президенті сайлауында алда келе жатқан үміткер Сооронбай Жээнбеков дауыс беру аяқталған соң Бішкекте өткен баспасөз конференциясында Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы соңғы оқиғаларға қатысты журналистер сұрағына жауап берді, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі Азаттыққа сілтеме жасап хабарлайды.

Жээнбеков мемлекеттер бір-біріне "құрметпен қарауы тиіс" екенін, сонда ғана барлық мәселе өздігінен шешіле беретінін айтты. "Бұл уақытша нәрсе, бұл да шешіледі деп ойлаймын" деді Жээнбеков.

"Біз барлығына құрметпен қараймыз, әсіресе көршілерімізге. Осы қарым-қатынасты жалғастыра береміз.

"Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа деген көзқарасыңыз қандай?" деген сауалға Жээнбеков "Ол (Назарбаев - ред.) - біздің көршілес бауырлас мемлекеттің басшысы. Біз ынтымақтастық орнатқан барлық мемлекетке, президентке құрметпен қараймыз" деді.

Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы жариялаған соңғы мәлімет бойынша 1 482 891 сайлаушының дауысы есептеліп болды. Ресми ақпаратқа сәйкес кандидаттардың ішінде ең көп дауыс жинаған төрттікті 54,04 пайыз қолдауға ие болған Сооронбай Жээнбеков бастап тұр. Екінші орында - сайлаушылардың 33,65 пайыз дауысын алған Өмірбек Бабанов. Оппозициялық саясаткер Адахан Мадумаров - 6,54 пайыз көрсеткішпен үшінші орында. Төртінші нәтиже иеленген Темір Сариевтің еншісінде 2,5 пайыз дауыс бар. Мадумаровтан басқа қалған үш кандидат кезінде премьер-министр қызметін атқарған. Сайлаушылардың 0,67 пайызы барлық кандидаттарға қарсы дауыс берген. Президент сайлауына жалпы саны 11 кандидат қатыстырылды.

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында 10 қазаннан бері тексеру күшейіп, Қазақстанға қарай өту қиындаған. Екі ел шекарасындағы өткізу бекеттерінде кезек пайда болған. Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің соңғы мәліметі бойынша, шекарадағы жағдай әлі оңалмай тұр. Көпшілігі бұл жағдайды Қырғызстанның іс басындағы президенті Алмазбек Атамбаевтың 7 қазанда Қазақстан билігіне қарата айтқан сынымен байланыстырады.

13 қазанда Атамбаев "3 мың жылдық тарихы бар халықтың үш күндік блокададан қорықпайтынын" мәлімдеген. Бірер күннен соң ол егер қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдай өзгермесе Еуразия экономикалық одағының кезектен тыс жиынын шақыруға құқығы барын ескерткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір