• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:13:11
Алматы
+35°

17 Қараша, 2017 NEWS

Жасұлан Әбдіхалық Jambyl телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды

Жасұлан Әбдіхалық Jambyl облыстық телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды.

Жасұлан Әбдіхалық Jambyl облыстық телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды, деп Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасына бөлісті. Жасұлан Әбдіхалықтың жаңа қызметке тағайындалғанына шын қуанған Берік Уәли былай деп жазды: 

-Інім, əріптесім, досым Жасұланды жаңа қызметімен шын жүректен құттықтаймын! Ол Жамбыл телеарнасын осыдан 15 жыл бұрын қатардағы тілші болып аттаған. Содан редакторлық, дикторлық, аға редактор қызметтеріне сатылап өсіп телеарнаның бас редакторы - директордың орынбасарлығына дейін жетті.

Аға буын журналистерден тəлім ала жүріп, талай тілшіні тəрбиеледі. Меншікті тілші деген қызметтің майын ішті. Ұлттық арнаның, Хабардың, 24kz-тің Жамбыл, Ақмола облыстарындағы тілшілер қосынын басқарды. Хабардың орталық жаңалығында қызмет етті.

Қай арнада болмасын өз биігін жоғалтқан жоқ. Ал, соңғы үш жылда үш үлкен саланың баспасөз қызметін басқарып мемлекеттік қызметке төселді. Жасұланның жақсы қасиеті тəуекелшіл. Талай жігіт жүрексінген ОҚО баспасөз қызметіне шақыруымды қабыл алып, Көкшетаудан келіп білек сыбанып кірісіп кетті. Бірлесіп үлкен жұмыстар атқардық.

qamshy.kz

Одан Нұр Отан партиясында нағыз саяси науқанда (Мәжіліс сайлауы) бірге еңбек еттік. Соңғы қызметі Ауыл шаруашылығы министрлігінде баспасөз-хатшысы, қоғаммен байланыс басқармасын басқарды. Енді міне журналистикаға қайта оралып, туған жеріндегі теларнаны түлетуге жол тартты.

Ерлан Қарин мырзаның кадр таңдаудағы шеберлігіне тағы да тəнті болдық. Бұған дейін Қостанай филиалына Еркін Таңатқанды басшылыққа жібергенде қуанып едік. Екеуіде еңбек жолдарын туған жердегі телернадан бастап, сол өңірдің ыстық-суығын жетік білетін, орталықта тəжірибе жинақтаған білікті мамандар.


Ал Жасұлан бауырым, жортқанда жолың болсын! Сенімді ақтап, ұлтыңа, жұртыңа қызмет етуден жалықпа.

Zamira Pulatova

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір