• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 15:33:03
Алматы
+35°

16 Ақпан, 2018 NEWS

«Жастарды қолшоқпар қылуды тоқтатайық»

Астанада жер туралы заң жобасына қатысты қоғамдық талқылау болды.

Астанада жер туралы заң жобасына қатысты қоғамдық талқылау болды. Мұхтар Тайжан жүргізген алқалы жиынға Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, Мәжіліс депутаттары және әр өңірден қоғам белсенділері қатысты, деп мәлімдейді Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жер туралы заңды қоғамдық талқылауда желтоқсаншы, Жер комиссиясының мүшесі Нұрлыбек Қуанбаев «шетел азаматтарына жер сатылмауы керек, жалға берілмеуі керек» деген позицияда қалатынын айтты.

– Негізгі айтайын дегенім – бүгінгі қоғамдағы қайшылықтар, әлеуметтік желіде «Мұхтар ондай, Айдын мұндай», Мұхтар мен Мақсат немесе Айдын мен Мақсат деп бөлініп алып, жеке басқа тиісіп жатады. Мұндай қоғамдағы қайшылықтарды жою керек. Барлығымыздың да жерге бір адамдай жанымыз ашиды, сондықтан да мәмілеге келіп, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бір жұдырықтай жұмыла білуіміз қажет. Баршаңызды осыған шақырамын. Ұрыс-керіспен ештеңе де бітпейді, сондықтан ең алдымен ауызбіршілігіміз мықты болуы керек, - деді Нұрлыбек Қуанбаев.

Заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек те өз пікірін ортаға салды.

– Осы жер дауынан кейін біраз адамдар қудаланды, оны өздеріңіз жақсы білесіздер. Қазіргі таңда да қудаланып жатыр. Бірақ біздің мақсатымыз сол уақытта жер комиссиясы құрылып, биліктің бізбен ашық жұмыс істеуі еді. Бүгінде, міне, жер комиссиясы құрылды, биліктегі ағаларымыз төмен түсті халықтың арасына. Демек, біздің мақсатымыз орындалды. Алдағы уақытта комиссия мен біз Конституцияға, кодекстарға енгізілетін заңдарды қарауымыз керек, әлі көптеген кемшілік бар. Сонымен қатар қоғам белсенділеріне шабуылды тоқтату керек. Ұлтым, жерім деп отырған ағайындарға айтарым: жастардың белсенділігін пайдаланып, оларды қолшоқпар қылуды тоқтатайық. Себебі« ертең біз жастардың сағын сындырамыз. Жер комиссиясы құрылған кезде біз жерімізді сақтап қалайық, - деп қысқа қайырды қоғам белсендісі.

Nazerke Labihan

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір